Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
68
СЕНДЕ МЕНІҢ
Жасағандай келбетің қиып гүлден,
Сұлулықты бір саған үйіп берген.
Сүйгеніңде кемшілік болмайтынын,
Адам ғана түсінер сүйіп көрген.
Жүйрік екен көңіл атты киік желден,
Сені көріп жүрекке күйік келген.
Тəкаппарлық жарасып тал бойыңа,
Кербез асқан киіктей биік белден.
Сүйкімдісің, не деген əдемі едің,
Аруы қазақ деген кəделі елдің.
Сұлулығың тең келер періштемен,
Сені көріп, сөз салмай бəлденер кім.
Бой ұсынып сезімге ендегенмін,
Ұнатып жүрегіме тең дегенмін.
Бір көргеннен өзіңе ғашық болдым,
Бұрын мұндай сезімге сенбегенмін.
Уақыт өтпей өзіңсіз сенделгенмін,
Шын берілер сезімге пенде ме едім?
Ақ шыңына бақыттың шығар едім,
Қабылдасаң сезімді сенде менің.
Еркін Оралбайұлы 9.03.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇