Өлеңдер ✍️

  23.02.2025
  396


Автор: Еркін Оралбайұлы

ӨМІР- ӨЗЕН

 


 


Өмір өзен сияқты өткелі бар,


Өтпегені өткелден өткені бар.


Өзеніне өмірдің батқаны бар,


Жүзіп өтіп арманға жеткені бар.


 


Өмір өзен өткелдің қиыны бар,


Кейбір жерде өзеннің қиюы тар.


Өмір артса салмақты қайқаңдарсың,


Сияқты бір үстіне жүк үюлі нар.


 


Өмір өзен бұралаң арнасы бар,


Шығу қиын көмексіз жағасы жар.


Батып кету тереңге қиын емес,


Шығармаса қол созып жанашырлар.


 


Өмір өзен суындай болар ащы,


Бірақ күнде жоғалтар жоғалмасты.


Өмір кейде оң қарап жолды ашып,


Бір сұлуды сүйгізер қолаң шашты.


 


Өмір өзен тіршілік, балығы бар,


Адастырар адамды былығы бар.


Ғашық қылып бұл өмір бір сұлуға,


Тоңдырса да мұз суды жылы қылар.


 


Қызығына өмірдің қанбай жүргін,


Қиналсаң да бақытты жандай жүргін.


Өзеніне өмірдің батпау үшін,


Бірге жүзер адамды таңдай білгін.


 


Еркін Оралбайұлы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу