Өлеңдер ✍️

  20.02.2025
  503


Достар жыры

Достар жыры


 



  • Достығым мына менің өзімде,

Достығымыз уәделескен сөзімде.


Достықтың қадіріне жете білген,


Достарым берік адал сезімге.


 


Достығым өздеріңе шынайы,


Достармен жасап тұрар Құдайым.


Досы көпті жау алмайды демей ме?!


Достарға тек амандық сұрайын.


 


Достығым сендерменен жарасқан,


Достар болса білінбейді қара аспан.


Достардың басын қосқан дастархан,


Достыққа жалау болдым о бастан.


 


Досым деген туысыңдай, туғандай,


Досыңменен бірге өткізген күн қандай!


Достарымды көрген сәтте төбем де


Дер кезінде жетпей көкке тұрғандай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу