Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2025
1521
АРУ-АНА
Ару- ана шаңырақтың шаттығы,
Барша жанды баурап алар тәтті үні.
Біреуге әпке, қарындас ол біреуге,
Жақынына арнап жүрер жақсыны.
Ару- ана мәңгі жасыл көктемім,
Шуақ шашып күлімдейді көкте күн.
Мейірімді аналардың барында,
Араздықтар ұмытылар, өкпе-мұң.
Ару-ана қызғалдақтай жайқалған,
Жүректегі сезімдерін айта алған.
Бірі ақын, бірі ұстаз, бірі әнші,
Еңбек сүйгіш, шеттерінен майталман!
Ару-ана жүректері алтындай,
Кейде оттай жүретұғын жарқылдай.
Енді бірде жауын болып себелер,
Бойындағы күш, қуаты сарқылмай.
Олар жайлы таусылмайды жыр, әнім,
Нәр алатын, сусындайтын бұлағым!
Жасай берші Арулар мен Аналар,
Берік болып ұраның мен тұрағың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇