Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2025
170
МҰҢДЫ ӨЛЕҢ
Жан дүниемде болып жатыр дүрбелең,
Кей кездері жабырқаулы күйге енем.
Алабұртқан көңілімді толқытып,
Өзегімді жарып шығар мұңды өлең.
Қара басын күйттеген көп адамдар,
Өсек айтып бірін-бірі жамандар.
Ойлағаны алдау, арбау жемқорлық,
Жан болар ма ертеңіне алаңдар.
Шырылдайды жаңа туған сәбилер,
Анасы жоқ бесігінде әлдилер.
Көрген кезде балаларды тастанды,
Естігенде жүрек жылап, зар илер.
Қайтпас, қайсар әкелер жоқ бұрынғы,
Жол көрсетіп тәрбиелер ұлыңды.
Тон пішетін қыздар жолдан адасып,
Түсіргендей адамилық құнымды.
Қарап тұрсақ бәрі жоқтан құралған,
Санамызда орындалмас тұр арман.
Сарқылғандай жүректегі мейірім,
Құндылықтың бәрін естен шығарған.
Ондай жандар Алла алдында сыналған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇