Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  204


Автор: Жібек Ысқақова

РУХЫ БИІК АДАМДАР

Рухы биік адамдар,
Шырылдайды ел үшін.
Ауырады жандары,
Көрсе елдің кемісін.
Адалдықты ту етер,
Ізгілікті ұран қып.
Мақтап қойып өтірік,
Жүрмес түлкі, бұлаң қып.
Олар үшін сөз беру,
Ар-намыстан тұрады.
Тұру үшін уәдеде,
Жоқтан барды қылады.
Ақ жолынан адаспай,
Қарапайым жүреді.
Бөліп жармай адамды,
Адал өмір сүреді.
Келе қалса қасыңа,
Айналаңды нұрлы етер.
Адал болып достыққа,
Әр сөзіңді құнды етер.
Оң мен солын айқындап,
Әр жүрісін бағамдар.
Міне осындай деп білем,
Рухы биік адамдар!
Жасай берші, жақсылар,
Жарқын болып жүздерің!
Қыс пен жазың қуантсын,
Көктемің мен күздерің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу