Өлеңдер ✍️

  18.02.2025
  169


Автор: Жібек Ысқақова

ӨЛЕҢДЕРІ ҒАЖАЙЫП!

«Ғашықпын» деп жүректе сырын ашқан,
Аспанында жұлдызы жымыңдасқан.
Махаббатын жеткізген өлеңімен,
Мұқағали атың мен жырың дастан.
«Фариза, Фаризажан, Фариза қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз»,
Деп өрген бұл өлеңін оқығанда,
Іштей жылап, мұңайып қамығамыз.
Үш бақытын жеткізген жанды тербеп,
«Халқым менің», «Тілім» деп, «Отаным» деп.
Биік қойған бәрінен Үш бақытын,
Мұқағали ақынға бізден құрмет!
«Әйелдер-ай! Әйелдер!» деп «Қандайсың?»
«Әдемі боп кетіпсің» дейді «әрқайсың»
Әйелдерге құрметін биік еткен,
Бұл өлеңі шұғылалы таңдай шын!
«Өмір деген —ұлы сапар осынау,
Қиындықтар кезіксе де жасымау».
Өмір деген еңбек қып, — дейді атамыз,
«Жұмыс жасау, жанұяңды асырау».
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!,
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!»
Деп атамыз үн қатқан адамдарға,
Әр сөзінің мағынасы, зор мәні-ай!
Туған күнін Мұзбалақ атамыздың,
Біз қалайша отырамыз, толғамай!
9.02.2024 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу