Тақпақтар ✍️
"Сағат" пен Сабақтың айтысы
"Сағат" пен Сабақтың айтысы
(диалог-өлең)
Сағат:
Алғашқы қоңырау, алақай!
Көп болса екен балақай!
Жүктеме мен бірлік көбейсе!
Басылады жанайқай!
Сабақ:
Алғашқы сабақ-білім сабағы!
Үйретемін тың, жаңаны!
Әр саладан берем білім!
Шәкірт керегін өзі алады!
Сағат:
Маңызды емес жаңалығың!
Жағдай үшін дара үнім!
Сағатпенен өлшенеді:
Тәжірибем, даналығым!
Сабақ:
Қызық екен, ойпырым-ай, неткен?!.
Кім пысық, сірә, түбіңе жеткен!..
Сен сәнімді кетіріп тұрсың:
Берекемді алып көптен!..
Сағат:
Заманменен заулап келем!
Зиялы жұртқа "сағат" деген:
Факультатив пен вариативті
Толтырамын сағатпенен!
Сабақ:
Нәтижені мен шығарам, сонда да!
Әдіс-тәсіл, үйретіп озық жолға да!
Сен арқылы қаражат шешер біркүндік!
Мен беремін болашаққа жолдама!
Сағат:
Иә, оның рас, сенсің жауапты!
Өмірлік те беретұғын сабақты!
"Нақақ", "надан" мені көптеп таңдаса
Сені нағыз Ұстаз қауым таңдапты!!!
P.S. - деп жеңіліп сағат кетті жөніне, шешуші мен шынайы сәтте "сабақты" шығарып төріне!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇