26.01.2025
  125


Автор: Қуаныш Ермахан

? Қарым-қатынасты, достықты, жұмысты бүлдіретін бір нәрсе бар...

 


Қазір адамның жолын болдырмай, кейде болайын деп, өсейін, алайын деп тұрған жерде, решающий моментте барлығын быт-шыт қылатын бір нәрсе бар екеніне көзіміз кешірек жетсе де, оны әулие болған, хакім болған ата-бабаларымыз баяғыыы заманда бір екі ауыз сөзбен айта салған екен ғой.


Түсінікті болуы үшін мысалмен нақтылап кетейін 

Сен бір қызбен таныстың, ұнаттың, сөйтіп кездесіп сөйлесе бастадыңдар, ол қызда бәрі жақсы, тек мінезі шлиии ұяң, ұялшақ. Яғни орынсыз жерде ұялып қысылып, өз ойын айта алмай, айтса жеткізе алмай, кім не ойлап қалады деп елге жалтақтап, көп жерде өзінікін жіберіп алатын, қалауын ашық айтуға қысылатын қыз. Бірақ өте жақсы, сұлу қыз.


Енді сен де ақымақ емессің, ол қыздың саған да көңілі бар екенін байқап жүрсің, енді таныстықтан асып, келесі этапқа көшу үшін қызға көңіліңді білдіріп, досы болмай, жігіт ретінде қарайтыныңды сөзбен де, іспен де білдіре бастағанда ол қыздың сол баяғы ұяңдығы ойнап, өзі де ұнатып тұрғанын айта алмай, саған не ИӘ да, ЖОҚ та дей алмай, сенің де, өзінің де уақытын босқа құртады. Сол арада бірнеше айлар өтіп кетуі мүмкін 


Демек ұят емес, ұяң, ынжық болудың салдары жақсы емес екен. Енді керісінше ұяң емес ұятсыз қыз болса ше? Сенің кемшілігіңді бетке басып, сенен ашық түрде қажетін сұрап, өз білгенінше жүрсе - ол да қате. Дұрысы - ортасы, ұятты болу! Орынды сөйлеу, орынсыз ұялмау, керек жерде жасау, тоқтайтын жерін білу.


Міне, мұны түсінген адам болса, барлығын быт-шыт қылатын - ол адамның мінезі!


Немесе барлығын әдемі қылатын да - ол мінез!


"Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден", "Тәрбиесіз (мінезді айтып тұр) берілген білім – адамзаттың қас жауы" деген сөздерден байқасақ, мінезі қате болса, онда көп жерде қателеседі деген сөз?


Сол үшін де Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ә.с) "Мен мінездерді кемеліне жеткізу үшін жіберілдім" деп басты миссиясын айтса, онда жақсылықтың да, жамандықтың да бастауы осы мінезде екен.


Мінезбен шешім қабылдап, немесе маңызды уақытта адамның мінезі шешіп кеткен кездер болды ма? Болса, бөліс?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу