Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.12.2024
285
Арыс деген қаламыз осы міне
Арыс деген қаламыз осы міне,
Жадыратар жаныңды, қуандырар.
Арысама келсеңіз мұңға батып,
Арысымның жағасы жұбандырар.
Арыс деген қаламыз осы міне,
Тоғыз жолдың торабы түйіскен жер.
Ақындар мен сазгерлер бірге үн қатып,
Өлең оқып, әндетіп күліскен жер.
Арыс деген қаламыз осы міне,
Түркістанның облысына енетін.
Келіңіздер Арыстың жағасына,
Әсем әнмен бар жақсысын беретін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇