Өлеңдер ✍️

  18.11.2024
  90


Автор: Ақтау қаласы

Ақтауым бұл қараңыз

Ақтауым бұл қараңыз, баурап алар,
Қарт Каспийдің толқынды үніменен.
Ақында бар жаныңды жаулап алар,
Жүректерді тербеткен жырыменен...

Ақтауым бұл қараңыз, баурап алар,
Шуақ шашар жайдарлы күніменен.
Ниеті бар, мүмкіндік алда болар,
Ашылмаған даланың сырыменен...!

Ақтауым бұл қараңыз баурап алар,
Баға жетпес, сатылмас құныменен.
Қалам осы арайлы таңға балар,
Айлы аспан, жұлдызды түніменен...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу