Шығармалар ✍️
Жезқазған тынысы
Жезқазған қаласы — еліміздің орталығында орналасқан Кеншілер мен құрылысшылардың мекені болып сонау әрбір парағын тарих жазбалары көмкерген еліміз үшін маңызы өте зор қала. Тарих жазбаларында Ұлытау жерінде орналасқан деп жазылған жазбаларына қарап-ақ Жезқазған қаласының маңыздылығын зор болғандығын сезіне аламыз. Кеншілер мекені, Ұлытау облысының орталығына айналған. 1939 жылы іргетасы қаланып, 1954 жылы «Жезқазған қаласы» дейтін қала статусына ие болған қала осы Жезді қалам Жезқазған.
«Жезқазған қаласы байырғы Сарыарқа жерінде орналасқан, негізгі аумағы кең байтақ, көз жетпес даланы құрайтын жазықтық пен алқаптардан тұрады. Сол себептен, Сарыарқа ерте заманнан бері көптеген халықтар арасында «Ұлы дала» деген атқа ие болған» көрінеді. Міне, Ұлы дала сөзі осыдан қалған сияқты.
«Жақын орналасқан анағұрлым үлкен таулардың бірі – Ұлытау (1195 м), Ұлытаудың таулы беткейінен Қаракеңгір өзені мен оның тармақтары, сондай-ақ, Сарыкеңгір, Сарысуға құйылатын Жыланды және Жезді өзендері өз бастауын алады. Бұл мыс аймағы. Шөптесінді жамылғысында астық-жусанды, жусан және жусанды-тұзды кешендер ашық қоңыр және қоңыр топырақ бетінде үйлесім тапқан» Жезқазған қаласының басты тыныс тіршілігі осы Кеншілердің жұмысы десек те болады. Қаланың алғашқы тұрғындары да осы Кеншілерден құралған.
Жезқазғанға келейік, мыс, жауһарын көрейік. Кеншілердің мекені, сәлемді көп берейік. Мақтанышы Қазақтың, Жезқазғанды көрейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇