31.08.2024
  362


Автор: Қыз ұзату тойы

Бақытты бол Жан қызым, жолың болсын!

Бақытты бол Жан қызым, бақытты бол,
Ұзатылып барасың өз үйіңнен.
Үбірлі бол, шүбірлі қызым менің,
Қол ұстасып мәңгілік сүйгеніңмен.

Жаңа өмір жолында бағың жансын,
Жаратқаным жар болып сендерге тек.
Шаңырағың биік боп, берік болсын,
Ақ тілекті арнаймын сендерге деп.

Ұзатылу тойларың тойға ұлассын,
Бақ-береке орналып отбасыңа.
Қос аққудай жұптарың жазылмасын,
Сүйген жарың айналып жақтасыңа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу