Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
26.03.2024
233
Құлпырды
Ылғи бала топтанып,
Тағы да ойын бастадық.
Қыпшақ бастық боп қалып,
Бiздi жүрдi басқарып.
Саз балшықтар тасыдық,
Небiр үйлер тұрғыздық.
Клуб салдық жақсы қып,
Пойыздарды жүргiздiк.
Өз үйiнен Әлiмқұл
Жүк машина ап келдi
.
Сылақшы боп Сәнiмкүл,
Үйдiң сыртын әктедi
.
Шекер тыр-тыр тырылдап,
Тракторды айдады.
Машиналар зуылдап,
Құлпырды ауыл аймағы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇