21.01.2024
90
Сұрақ: Қарт кісілер және дертінен айықпайтын нау- қастардың оразасы қалай болады?
Жауап: Қарт кісілер мен айықпас дертке шалдыққандар оразадан босатылады, орнына фидия береді. Фидияны Рамазанның басында не оразадан кейін де беруге болады. «Бақара» сүресінің 184-аятында мұндай кісілер жайлы:«Бір міскіннің тамағын берсін», – делінген. Әрбір күннің оразасы үшін бір кедейді таңертең және кешке екі мезгіл тоятындай 30 күн тамақтандырады. Сондай-ақ фидияның ақшасын кедейге беруіне де болады. Бір кісінің фидиясын бір адамға яки бірнеше адамға бөліп беруге де болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇