Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  4729


Автор: Жібек Ысқақова

ЖІГІТТЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ

Қиянатқа бармайтын,
Қыран құстай самғайтын.
Әрбір қазақ жігіті,
Айтқанынан танбайтын!
Жүрегінде жалын бар,
Өн бойында дарын бар.
Біздің қазақ жігіттер,
Жанған оттай жалындар!
Аманатты жақтайтын,
Шыншылдықты сақтайтын.
Қайсар, батыр жігіттер,
Ел үмітін ақтайтын!
Жеріміздің қорғаны,
Еліміздің зор бағы.
Айбыны асқақ жігіттер,
Қазақтың ну орманы…
Биік ұстар туымды,
Істері бар тынымды.
Жігіттері елімнің,
Жайлы етер күніңді…
 Отаным дер, елім дер,
Қазақстан жерім дер.
Жігіттері қазақтың,
Аппақ жүрек, сенімді ер!
Мен қазақпын, араймын,
Көкжиектен қараймын!
Күндей болып еліме,
Жылу болып тараймын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу