Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  526


Автор: Жібек Ысқақова

ДОС БОЛҒЫМ КЕЛЕД(І) СІЗБЕНЕН

Дос болғым келед(і) сізбенен,
Ақындар жүрген ізбенен.
Бұлт үйрілсе де басыңа,
Достықтың жібін үзбеген.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
Көңілім достық іздеген.
Тілейтін сізге жақсыны,
Достардан артық жүздеген.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
Үміттің отын үзбеген.
Амал дос емес, адал дос,
Болатын әркез сізбенен.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
Сыйластық сақтап “сіз” деген.
Жақсылықтарын міндет қып,
Шұбарлап жіпке тізбеген.
Дос болғым келед(і) сізбенен,
“Мен” емес әркез “біз” деген.
Құлпырған көктем өтсе де,
Болатын бірге күзбенен…
 Шынайы достық көп болсын,
Қайғыларыңыз жоқ болсын.
Адал достар бар болып,
Амал достар жоқ болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу