Өлеңдер ✍️

  22.11.2023
  369


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Шаршадың білем...

Шаршадың сезем...


Алысқа кеткің келеді,


Шын сүйген сені,қайтесің мендей пендені.


Жаныңда жүрсем қадірсіз болып өткеннен,


Жырақта жүріп сыйласа бергім келеді.


Сені ойласам тулайды жүрек қара түн,


Өзімен-өзім күресіп өтем қарағым.


Шаршадың білем...


Қайтадан келгің келмейді,


Мен ғашық болған,Айнаға бірге баратын


Күн менен айым өтеді әлі сағатым,


Күтумен сені бітпейді менің тағатым.


Сағынам менде іздеймін сені тоқтамай,


Күнде келемін сол баққа сен баратын.


Сескеніп келем,есіркеп келем,ессізбін!


Сонша байланғам келмейді сені жібергім,


Өз нұрыңмен айналаңды жаққаның,


Жаным-ау білем...шаршадың менен демалғың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу