Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  83


Автор: Шөмішбай Сариев

Сұрқия залымдықтар – сұрқайланып

Сұрқия залымдықтар – сұрқайланып,
Қанатын енді бірі – шырқай қағып.
Зұлымдық пен мейірім жеңісе алмай,
Жұмыр жер бара жатыр шырқ айналып.
Өртеніп, өрт қайғыдан шаңы шығып,
Жұлдыз боп жымыңдайды алыс үміт.
От тиген етегіне анадайын,
Жұмыр жер бара жатыр жан ұшырып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу