Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  77


Автор: Шөмішбай Сариев

Келді көктем қайтадан салады өрнек

Келді көктем қайтадан салады өрнек,
Хош иісі көк шөптің дала кернеп.
Сағынышпен құстарды қарсы алуға,
Гүл қаптап тау төбені барады өрлеп.
Келді көктем, мәңгілік тұрмайды анық,
Суретші жанары ұрлайды анық.
Композитор көзіне – әнге айналып,
Ақынның жүрегінде — жырға айналып.
Өнерлілер өмірді шалқып көріп,
Табиғаттай оралмас қайтып келіп.
Мәңгі жасап кетеді көктемдерін,
Бір-ақ бір өмірге айтып беріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу