26.07.2023
  41614


Автор: Сырға салу

Сырға салу, жеңге тілегі

Алтыннан сырға салайын,
Жүзіңде шаттық болсын деп.
Ақ тілекті арнайын,
Басыңа бақыт қонсын деп.

Қол ұстасып қайныммен,
Жолдарың ашық болсын деп.
Жаңа отаудың ішіне,
Бақыт, шаттық толсын деп.

Сырға салдық мінеки,
Құтты болсын сырғаң бұл.
Ақ тілекті арнаймын,
Шашу шашып жырдан бұл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Керім
Керім 10.07.2026 16:18
Керемет жазылған сөздер, көңілден шықты.
18.11.2024 13:33
Толық нұсқасы бар ма

Пікір жазу