Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2023
125
Бірге қондық айдындарға...
Бірге қондық айдындарға,
Ақ дастарқан жайдың жанға.
Шаттығымды еселедің
Бөлістің сен –
Қайғым барда?!
Сенсің жалғыз күйімді ұққан,
Арылмайды үйім құттан.
Қара қасым,
Қасымда бол,
Қаймықпайын қиындықтан.
Шаттанғайсың,
Ән салғайсың,
Ұйқысыз-ақ таң сарғайсын.
Өзің ғана шығарып сап,
Өзің ғана қарсы алғайсың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇