Өлеңдер ✍️

  24.05.2023
  70


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Саф асыл

Сөзіңді сөздеріме тең көремін,
Сондықтан сырлы ойыңды жөн көремін.
Дүдәмал дүниеден аулақ кетіп,
Иісті Иран бақта тербелемін.
Бір мысқал берсе маған өнерден құт,
Өлеңнің өрге айдар-ем дөңгелегін.
Ерекше, сақтау үшін тақты берен,
Түбіне, сөз-мұхиттың батты денем.
Тереңнен лағыл тердім, қиыршақсыз,
Себебі, саф асылды жақсы көрем.
Бояусыз, боямасыз жазылса екен,
Жанымды жарып шыққан ақтық өлең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу