Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2023
445
Мектептегі күндерім
Артта қалып балалықтың күндері,
Жүрудеміз алға қарай, ілгері.
Қоштасамыз соңғы қоңырау үнімен,
Алға басып сағаттың қос тілдері.
Хош бол дейміз мектебіме, ұстазға,
Бізбен болған қаншама жыл қыс, жазда
Қанат қағып ұшып біздер барамыз,
Қанағат қып, білім алып көп, азға...
Қимастық бар жанға маза бермейтін,
Сыйластық бар бойымызды тербейтін.
Достар таптық бір сыныпты бітірген,
Білім алдық жанымызды емдейтін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇