29.03.2023
  126


Автор: Ислам

Құран бағыштағанда тілек тілеудің үлгісі

Уа, Алла, Осы оқыған Құранымыздың сауабын екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу аләиһи уәссәлләмнің рухына, оның отбасына, әулетіне, саңлақ сахабалардың рухына, барша әулие-әнбиелердің рухына, ел үшін, дін үшін аянбай тер төгіп өткен асыл азаматтарымыздың рухына және өмірден елеусіз, ескерусіз өткен барша мұсылмандардың рухына,  сондай-ақ ............ (ұлы немесе қызы) ................. дың рухына бағыштадым!
Уа, Алла, ол кісілердің жатқан жерін жарық, жанын жәннатта, тәнін рахатта, топырағын торқа етіп, Өзіңнің рахметіңді, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағатын тигізе гөр! Уа, Алла, біздің де алдымызды пейіш, артымызды кеніш етіп, соңғы сөзіміз «Ләә иләәһә иллаллаһ, Мухаммәдәр расуулуллаһ» болуын нәсіп еткейсің! Әмин! деп бетті сипап тәмәмдайсыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу