Өлеңдер ✍️

  08.03.2023
  142


Автор: Айдар Сайлауов

* * *

Сөзбенен көзден жеңілмей бекем,
Өнер майданда шегінбей өтем.
Үлкен жолдарда жүрмеген жанға,
Үлкен сынақтар берілмейді екен.

Жүректің тағы ағыттым мұңын,
Бағындырардай шабыттың шыңын.
Өмірдің құнсыз екенін ұқтым,
Сұрап жүргенде бақыттың құнын.

Ақылман ойлар бос көшпей ме енді,
«Ақылға жүрек дос» деспей келді.
Тоғыз торапты тағдыр жолымды,
«Төрт аяқтылар» кес-кестей берді.

Адамдар солай жылап, күледі,
Жылаған жандар жұмақ тіледі.
Жүректер көкке биіктегенін,
Құлаған шақта бір-ақ біледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу