Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  663


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Қызыма

Не деп ақыл айтайын қызым саған


Бәрін ашық айтуда қиын маған


Алла берген ғұмырда талпынарсың


Ала алмасаң өкінбе бұйырмаған


 


Мен саған әлі талай сыр ақтарам


Менсіз жүрген әр сәтің сұрақ маған


Абырой мен намысың бар байлығың


Ала алмасаң өкінбе бұйырмаған


 


Жетістікке жетерсің қанаттанып


Талай қадам басарсың талаптанып


Қолыңдағы барыңнан айрылсаңда


Ұятыңа қарай гөр жауаптанып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу