10.01.2023
  464


Автор: Жәди Шәкенұлы

АПАСЫНЫҢ БАЛАСЫ

- Баласысың сен кімнің?
- Мен апамның баласы.
- Әдемі екен белдігің,
Кім сыйлаған шамасы?
- Оны ағам әкелген!
- Әй, білмеймін, Папа ма?
- Ұят болад әжемнен,
Оның атын атама!
- Жаңылғансыз шамасы,
Мен апамның баласы.
Түсіп қалғам аузынан,
Жоқ ешкімнің таласы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Кайнулдина Сайрангүл
Бұл өте керемет өлең. Апасының баласына арналып жазылған. Жазған адамға өте үлкен рахмет. Біздің қыз апасының туған күніне айтады.

Пікір жазу