03.11.2022
878
Туған елім қазағым
Туған елім қазағым,
Құтты болсын мерекең.
Тәуелсіздік жанданып,
Арта берсін берекең.
Ынтымақ пен бірлігің,
Арта берсін сыйластық.
Бауырмалдық жанданып,
Арта берсін қимастық.
Егеменді қазағым,
Аман болшы әрдайым.
Тәуелсіздік мәңгі боп,
Жар болсыншы Құдайым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇