Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  235


Автор: Түрік поэзиясы

БАСПАЛДАҚ

Баспалдақпен ауыр басып шығарсың,
Байқамасаң, жапырақша құларсың,
Биіктіктің мəнін сонда ұғарсың.
Əжім түсіп, солғын тартар ажарың,
Кешкі шапақ нұры тайған жанарың.
Өлеусіреп өңі солған гүлдердің,
Бұлбұл үнсіз, мəні жоқтай күндердің.
Мөлдір сулар жатыр неге өртеніп,
Қалды ма өзі мəрмəр таста бір белгің.
Дəмі бітіп, тағы бір жан кетті ме?
Көк жүзінен жұлдыз ағып өтті ме?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу