06.10.2022
  801


Автор: Қарттар күні

Қарттар күні бүгінгі

Құтты болсын аташым,
Қарттар күні бүгінгі.
Бар жақсыны тілеймін,
Арнап сізге жырымды.

Бұл мереке қуантсын,
Бар бақытын жинап тек.
Ортамызда аташым,
Жүрші аман күлімдеп.

Саулығыңыз мықты боп,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Ақ баталы аташым,
Нұрлансын бұл өмірің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу