03.10.2022
  255


Автор: Ертай Ашықбаев

АҚҚУ СЕНІМІ

Мойнын созып,
иеді,
Қозғалғаны тым сәнді.
Аппақ киім киеді,
Жұқтырмайды кір,
шаңды.
Шақырсаң да келмейді
Балшыққа не батпаққа.
Кір балаға сенбейді.
...Қане,
қолың аппақ па?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу