Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  148


Автор: Ертай Ашықбаев

18.30

Армандарым бар көптеген,
Арманды қашан тұсадым?!
...Жіберер едім көкке мен,
Бітпей тұр модель-ұшағым.
Ұшырар әлі-ақ Үйірмем,
Үйірмем мені қолдайды.
Қыранға көкте шүйілген
Ұшағым сәлем жолдайды.
Сосын ба?.. Уақыт зырлайды,
Жетелер мені алысқа.
...Үйірмем мені шыңдайды —
Ұшырар, бәлкім, ғарышқа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу