Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  229


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖОЛДА

Жадырап тұр ТАҢ қандай,
Ұйқысы да қанғандай.
Алуан гүлдер жайнайды —
Мың бояуға малғандай.
Көтерілген КҮН қандай,
Бағыт сілтеп тұрғандай.
Басымыздан сипайды —
Жалындырмай,
бұлданбай.
Арықтағы ШӨП қандай,
Аттап өттім тоқталмай.
Тамсанады төңірек,
Ән салады көп торғай.
Ән салады сізге арнай,
Дауыстарын қызғанбай.
...Әңгімемнің түйіні —
Бақыттымыз БІЗ қандай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу