iPhone-ның қуаты жылдам таусылып қалады. Ал қуатын жылдам толтыру үшін не істеу керек? Мамандар iPhone телефонын тез қуаттаудың құпия функциялары анықтады.
Алакөл сапары туралы ұсынысты Daniyar Zhanys ұсынғанда, еш ойланғам жоқ. Көрмеген жерім, аңсарым ауды. Бірден “барам” дедім. Дәкең өз ісінің маманы, адалы ғой. Белгіленген күн келгенше екі рет қоңырау шалып, анық келетінімді қадағалады. Оның себебін кейін білдім, жақындағанда белгілі себептермен келе алмайтындар болса, орнын басқа....
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов Vesti.kz порталына не үшін Геннадий Головкинмен емес, Сауль "Канело" Альварестің командасында жаттығып жатқанын хабарлады деп жазады NUR.KZ.
Ерлан Күмісқалиев – «Атырау – маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазіргі уақытта бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын басқарады.
Тарихы 2007 жылы Ерлан Күмісқалиев қарындасын Қытайға тексеруге апарады. Медициналық орталық Ерланға да түрлі анализдер тапсыруға ұсыныс білдіреді. Қан талдауларының нәтижесі қуанарлық көрсеткіш бермейді. Сол уақыттан бастап Ерлан шетелде ұзақ уақыт емделуге бел буады. Елге оралғаннан кейін Ерлан Бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын (ДЦП, Даун синдромы, аутизм) ашады. Емдеудің негізгі түрі – Канистерапия. Тереңірек тарқайтып айтар болсақ, науқас балаларды жануарлардың көмегімен емдеу. Бұған таптырмайтын мейірімді жануар Лабрадор иттері таңдалады. Осылайша Ерлан аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды төрт аяқты достардың көмегімен емдеуге кіріседі.....
NUR.KZ тілшісі қытайлық жастардың Қазақстан туралы ойын білді. Анықталғандай, көпшілік үшін бұл территориясы үлкен, Димаш Құдайбергенов өскен азиялық ел ғана екен. Дегенмен, көптеген қытайлықтар Қазақстан туралы білгілері келетінін жасырмады.
Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ полицейлері табиғат аясына демалысқа шығып, өзге демалушыларды шошытты. Форма киіп, қару асынған шенділер бұл демалысына қызметтік көлігін пайдаланған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.
Астаналық әнші келіншек әрі әлеуметтік желінің жұлдызы Сандуғаш Жұмабектің үстінен қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданына келіп түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Instagram мен Facebook желісінде түрлі көйлек киіп, тойда ән айтқан фотосын жүктеп, Алланы аузынан тастамайтын келіншекті бірнеше азамат сотқа берді. Әншіні сотқа берушілердің ішінде оның туған қызы да бар.
Шымкенттегі «Бекжан» базарын қырғыздар жалға алып жатыр. Ендігі жерде ол «Дордой – Шымкент» базары деп аталатын болды. Бұл сауда орталығының маңдайшасына көп ұзамай осындай атау жазылып қойылмақ деп хабарлайды Замана газетіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Ресей президенті Владимир Путин Ембі полигонын пайдалану және жалға алу туралы келісімді тоқтататын хаттамаға қол қойды. Аталмыш заң құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланған.