Ерлан Күмісқалиев

 Ерлан Күмісқалиев

Ерлан Күмісқалиев – «Атырау – маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазіргі уақытта бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын басқарады.

Тарихы
2007 жылы Ерлан Күмісқалиев қарындасын Қытайға тексеруге апарады. Медициналық орталық Ерланға да түрлі анализдер тапсыруға ұсыныс білдіреді. Қан талдауларының нәтижесі қуанарлық көрсеткіш бермейді. Сол уақыттан бастап Ерлан шетелде ұзақ уақыт емделуге бел буады. Елге оралғаннан кейін Ерлан Бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын (ДЦП, Даун синдромы, аутизм) ашады. Емдеудің негізгі түрі – Канистерапия. Тереңірек тарқайтып айтар болсақ, науқас балаларды жануарлардың көмегімен емдеу. Бұған таптырмайтын мейірімді жануар Лабрадор иттері таңдалады.
Осылайша Ерлан аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды төрт аяқты достардың көмегімен емдеуге кіріседі.

Мұндай орталықты құру идеясы кездейсоқ туындаған жоқ: бір жыл бұрын қарағандылық медиктер балалардың туа бітті церебралды сал ауруына шалдыққан 9 жасар Арманның аяғынан тік тұруына оның сүйікті төбетінің көмектескенін ресми түрде тіркеген болатын. Бұған дейін балақай өздігінен аяғына тұрмақ түгілі, мүлдем қозғала да алмайтын. Қазір ол арнайы емес, қарапайым мектепте оқиды. Өзін құрдастарының арасында жақсы сезінеді.

Иттер мұндай балаларға қалай көмектеседі? Медициналық білімі бар Е. Күмісқалиевтің айтуынша, төрт аяқты достарының қасында балалар анағұрлым жайбарақат, өздерін жатсынбай, еркін сезінеді екен. Иттер ұзаққа созылған торығудан және психикалық даму проблемасынан құтылуға көмектесетін көрінеді.
– Мен бұл тұрғыда принципшіл жанмын. Ата-аналардан ешқашан ешқандай ақы алмаймын. Одан да осы ақшаға балаларына дәрумендер сатып әперсін... Әр адамда көп нәрселерді басқаша ойлауға мәжбүр ететін сәттер болатын шығар. Менің өмірімде де осындай ауыр кездер болды, содан кейін жақсылық жасап өмір сүремін деп өзіме сөз бердім. Түрлі медицина орталықтарында бола жүріп (кешірім сұраймын, не үшін болғанымды айтқым келмейді), көптеген науқастарды, соның ішінде балаларды көрдім. Әрине, қатерлі ісікке және басқа да емделмейтін сырқаттарға шалдыққан балаларды емдей алмайсың, бірақ қалған өмірінде оларға қуаныш, күлкі сыйлап, адаммен бірге қапаланып, бірге жақсы көре алатын мақұлық - иттермен араласуға мүмкіндік беруге болады. Ал балалардың церебралды сал ауруына, аутизмге, Даун синдромына шалдыққан балалар басқа әлемнің есігін аша алады. Осы мақсатта мен өзімнің екі лабрадорымды канистерапияға қатыстырдым. Менің иттерім балалармен қуана-қуана араласады, балалар да дән риза, - дейді кейіпкеріміз.
Орталықтан 180-ге жуық отбасының балалары оңалтудан өтті. Негізгі контингент (80% жуығы) – аяқ-қолдары бар екенін білмейтін балалар (сезімталдық жоқ), бұл ретте пациенттердің 70% жалғызбасты аналардың балалары. Орталықтағы оңалту мен басқа да көмек тегін жүргізіледі.
Орталық ашылғаннан бастап тек балаларға ғана емес, олардың аналарына да көмек көрсетіледі. Аналар Орталықтағы үйірмелерге (би, фитнесс, сұлулық салоны және т.б.) тегін барады. Орталықта түрлі семинарлар да өтіп тұрады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?