Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері казакша Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері на казахском языке

Алакөл сапары туралы ұсынысты Daniyar Zhanys ұсынғанда, еш ойланғам жоқ. Көрмеген жерім, аңсарым ауды. Бірден “барам” дедім. Дәкең өз ісінің маманы, адалы ғой. Белгіленген күн келгенше екі рет қоңырау шалып, анық келетінімді қадағалады. Оның себебін кейін білдім, жақындағанда белгілі себептермен келе алмайтындар болса, орнын басқа адамға ұсынып, бәрін қамтамасыз етуді қадағалап жүріпті. Алакөл сапарына барып, ең соңында түскен фотомды әңгімемнің басына қоям, оған мына нағыз маман себеп. :)

Алматыдан арнайы көлікпен алып шыққан ұйымдастырушылар түнімен уатсапқа жазып, таң атпай қоңырау шалып, жүгірді ғой. Қаладан шыққан көлік 2,5-3 сағатта Талдықорғанға жетіп, ары қарай 5-5,5 сағатта Алакөлге жеттік. Бағыма орай, бөлмелесім Marfuga Shapian болды. Осы сапарда онымен жақын танысып, бауыр басып үлгердім. :) Ұйымдастырушылар бізді ағаш үйшіктерге орналастырды. Ішінде барлық жағдайы жасалған.

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Дәл осындай екі адамдыққ үйлер осы маусымда 26 500 тг, үш адамдық үйлер 34 000 тг, төрт адамдық үйлер 37 000 тг, 39 200 тг, 44 800 тг және 50 400 тг болады. Бағалардың айырмашылығы бөлмедегі қажеттіліктер мен тұрмыстық техникаларға байланысты. Ал топ боп барып, екі жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі бар үйлерді таңдайтын болсаңыз, оған тәулігіне 61 500 тг төлейсіз. Бұл бағаларға таңғы ас қана қосылады.

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Талон бойынша таңғы асқа үш түрлі мәзір кіреді:
- Манный каша немесе жұмыртқа - қосымша: минибагет, сливочный май, джем, кесілген көкөністер және печенье мен шәй.
- Қаймақпен вареники - қосымша: минибагет, сливочный май, джем, кесілген көкөністер және печенье мен шәй.
- Омлет - қосымша: минибагет, сливочный май, джем, кесілген көкөністер және печенье мен шәй.
Ал түскі және кешкі астарды сатып аласыз. Тамақтары дәмді. Ал бағалары төмендегідей:

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Барған күні кеші ас ішіп, бассейнге түстік. Басқаға уақыт ендігі тым кеш болған. Бәрін ертеңге қалдырдық.

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Ал екінші күні BlogCamp Alakol summer school жиынының ресми бөлігі басталды.

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Көптен көрмеген Orken Kenzhebek ағаны, Aidos Sarym ағаны, Beysen Kuranbek ағаны, көргім келетін Yakov Fedorov Alisher Yelikbayev Arthur Nigmetov Ерлан Жүніс Есболат Айдабосын ағаларды көріп, мәәзз болдым. Және спикерлердің сабақтарына толықтай қатыстым. ;) (Бұл қатысу туралы Данияр Жанысқа отчет)))

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Алматы облысы әкімінің орынбасары Zhaksylyk Omar азаматтығына тәнті болдым. Арнайы келіп, екі күнде де басы қасында болып, кешкі уақытта бізбен бірге диско барға кіріп, арамызда жүрді. Қайтарында түнгі 12-де “қыздар, жігіттер, мен кетіп барам, келгендеріңе рахмет! Жақсы демалыңыздар! Келіп тұрыңыздар!” деп қолымыздан алып, қоштасып кетті. Оған сонда болғандар мен Алтынай Серікбай куә.
Алакөл демалыс аймағынан шықсаңыз, көл жағасына арнайы су көлігімен жеткізіп салады. Ол әр 10-15 минут сайын қатынайды. Жағада денеге жағатын батпақ (250 тг) та, сусындар да, махито (600 тг) да, қарныңыз ашса тіске басарлар да табылады. Оны жергіліктілер аралап жүріп сатады.

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Осылайша, Алакөл сапары өтті де кетті. Ең бастысы, демалыс күшін Алакөлді таңдасаңыз, таңның қалай атып, күннің қалай батқанын білмей қаласыз. ;)

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Осындай пайдалы жазғы мектеп пен тамаша демалыс ұйымдастырып, арнайы шақырған Алматы облысы Аймақтық коммуникациялар қызметінің қыз-жігіттері мен Данияр Жанысқа көп-көп рахмет! Еңбектеріңіз жана берсін!

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Тақырыпта айқайлап айтып тұрған кемшіліктері демекші: мұнда баға сәл қымбаттау және жолы нәщәр дегеніңіз болмаса бәрі күшті. :) Ең бастысы, Астана мен Талдықорғаннан Алакөлге әуе рейсі қатынайтынына қуандық. Енді жолдар жөнделіп, тікелей темір жол қатынасын да кіргізсе деген арман ғой біздікі. ;)
Пы.Сы: Отандық туризмді қолдаңыз. Еліміздің табиғаты тұнған тамаша демалыс орындарына барыңыз. Оның ішінде Алакөлді де көріңіз.

Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Пы.Сы-ның Пы.Сы-сы: Дәл осы жазғы мектепте қоғамдық пікір туралы Orken ағаның дәрісінен шыға сала, үйге 6 л Алакөл суы мен екі пакет батпағын алып алдым. Анығында, #ПапамныңКеліншегі -нің тапсырысын орындамау мен үшін өте қиын нәрсе. :)





KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы, алакөл, алаколь, alakol, blogcamp, summerschool, туралы, демалыс, үйлер, арнайы, барып, қоңырау, сапары, ағаны, шалып, қосымша, минибагет, печенье, көкөністер, сливочный, кесілген, маман, нағыз, басына, Данияр, тегінжарнама, алакөл демалыс орталығы, туралы, демалыс, үйлер, арнайы, барып, қоңырау, сапары, ағаны, шалып, қосымша, минибагет, печенье, көкөністер, сливочный, кесілген, маман, нағыз, басына, Данияр, тегінжарнама, алакөл демалыс орталығы, Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері, Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге