"Канелоға" көмектесіп жүрген қазақстандық боксшы өзін "сатқын" дегендерге жауап берді

"Канелоға" көмектесіп жүрген қазақстандық боксшы өзін "сатқын" дегендерге жауап берді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов Vesti.kz порталына не үшін Геннадий Головкинмен емес, Сауль "Канело" Альварестің командасында жаттығып жатқанын хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Мен АҚШ-қа келгенде кәсіпқой бокста тек бір ғана жекпе-жек өткізген едім. Сол үшін бірден промоутермен келісімшарт жасауым керек еді. Менің менеджерім (Фархад Шарипов - ред) Головкинге хат жазып жіберді. (...) Менің ойымша, ол хатты ешкім оқымады да. Жауап та болмады.

Ал қазір ол (Момынов - ред) не үшін Головкинге емес, Альвареске көмектесіп жүр деп әңгіме айтып жатыр. Егер ол мұны қаламаса, мен қалай онымен байланысқа шығамын? Сол кезде менің менеджерім Top Rank және Golden Boy промоутерлік компанияларына да хат жолдады.

Бірнеше уақыттан кейін Golden Boy компаниясынан жауап келді. Олар менімен жұмыс істегілері келетінін, олардың көңілдерінен шығатын болсам, маған келісімшарт ұсынатынын айтты. Головкинге еш жамандық тілемеймін. Ол менің бауырым. Менің жерлесім. Қазақстанның мақтанышы.

Боксты түсінбейтін адамдар көп. Міне, солар әртүрлі дүниелерді жаза береді. Тіпті сатқын деп жатыр. Кейде мен шынымен бауырымды шынымен сатып кеттім бе деп ойлап қоямын. Бірақ кейіннен ойланып ... Сатқын емес деген ойға келемін.

АҚШ-қа келгенде маған шынымен көмек керек болды. Дегенмен маған көп адам сенбеді. Қолымнан ештеме келмейтінін айтты. Қиын кезеңдерден өттім. Жұмысым да болмады. Содан соң мынадай мүмкінді келді", - деген боксшы еліміздің туын биікке көтеру үшін чемпион болғысы келетінін айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады