Головкиннің Альварестен қашып жүргені рас па?

Головкиннің Альварестен қашып жүргені рас па?

Америкалық журналист Джошуа Блисман boxingnews24.com сайтында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді мексикалық Сауль Альварестен қашып жүр деп айыптады.

Бұл туралы Vesti.kz порталы жазады.

"Головкин "Канелодан" қашуын тоқтатып, жекпе-жекке шықсын!", - деп бастады ол мақаласын.

"Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин "Канелодан" қашып жүр ме? Әрине, сөзсіз, менің ойымша. Альварестің промоутерлері Golden Boy командасы Головкинге 15 миллион долларлық келісімшарт ұсынды. Осыған дейін оған 10 миллион доллар ұсынған болатын. Головкинге осындай ұсынысты басқа кім береді? Ешкім!", - деп жазды Джошуа Блисман.

"Ал Альварес болса заманымыздың ең мықты деген үш боксшысымен шаршы алаңға шығып, жұдырықтасты. Ол тізімде бокс әлеміндегі бірінші боксшы болып саналып жүрген Флойд Мэйвэзер, оған дейін бірінші болған Мигель Котто да бар. Сауль "Канело" Альварес Даңқ залының шынайы өкілі. Головкин болса осы 15 миллионды алып, жекпе-жекке шығуы тиіс, бірақ менің ойымша ол бұл ақшаға лайықты емес", - деді boxingnews24.com жураналисі.

Оның айтуынша, Головкин осы кездесуді жеңіспен аяқтаса, оның атақ дәрежесі көтерілері сөзсіз. Бірақ бұл кездесуде "Канело" фаворит екен.

"Головкин мен оның промоутерлері ақшаны сылтау етіп жұдырықтасудан бас тартып жүр. Головкин ондай деңгейге әлі көтерілген жоқ. БАҚ-та жарияланған мақалалардағыдай GGG шын мықты болса, сылтау іздей бермей жекпе-жекке шықсын. БАҚ пен Головкин жұрттың барлығына "Канелоны" қашып жүргендей етіп көрсетті, бірақ шынына келсек Головкин қашып жүр", - деді мақаланың авторы.

"Канело қазір болсын жекпе-жекке шығуға дайын! Бокстан хабары бар біраз адам "Канело" мен Головкиннің деңгейін жақсы біледі. Головкиннің спорттағы мансабының мықты болуы - ол әлі бір шын мықтымен шаршы алаңға шығып жұдырықтасқан жоқ. Мықты боксшы тек мықтылармен шығуы керектігін жанкүйерлер де біледі.

Головкин жақсы боксшы ма? Әрине. Бірақ ол ұлы боксшы ма? Ешкім білмейді. Ол және промоутері осы сұрақтың жауабын бермей отыр бізге. Ол жоғары салмаққа көтерілуден бас тартуының өзі де осы, себебі оның салмағында мықтылар жоқ. Көптеген чемпиондар осылай істейді. Головкиннің жасы 34-те. Оның қорқынышын 15 миллион доллар жаппайды ма? Оған қанша қаражат керек екен сонша?", - деп бөлісті Блисман өз ойымен.

Айта кетейік, Альварес пен Головкиннің командалары былтырдан бері келіссөз өткізіп жатыр. Том Леффлердің сөзінше, жекпе-жек биыл қыркүйекте өтеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!