Шымкенттің орталығынан өз базарын ашқан қырғыздар оңтүстікке ағылып келіп жатыр

Шымкенттің орталығынан өз базарын ашқан қырғыздар оңтүстікке ағылып келіп жатыр казакша Шымкенттің орталығынан өз базарын ашқан қырғыздар оңтүстікке ағылып келіп жатыр на казахском языке

Шымкенттегі «Бекжан» базарын қырғыздар жалға алып жатыр. Ендігі жерде ол «Дордой – Шымкент» базары деп аталатын болды. Бұл сауда орталығының маңдайшасына көп ұзамай осындай атау жазылып қойылмақ деп хабарлайды Замана газетіне сілтеме жасап nur.kz.

Базарда күрделі жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп, көп нәрсе жаңартылған.

«Бекжан» базарын Қыр­ғызстандағы «Дордой» базарының әкімшілігі жалға алды. "Дордой" ТМД елдері бойынша ең үлкен базар, әлемдегі осындай сауда орталықтарының ал­ғашқы ондығына кіреді. Бір айдай уақыт болды, осы базардың өкілдері Шымкент­ке келіп, біздің жақпен келісім-шарт­қа отырды. Мұн­да кө­терме сауда орталығы болады. Базарды олар 10 жылға жалға алды, кейін толықтай сатып алмақ ниетте", - дейді «Дордой – Шымкент» сауда орталығы филиалының бас директоры Клара Нәдірқұлова.

Бұл базарда сауда жасауда негізінен артықшылық қырғыз кәсіпкерлеріне бе­ріледі. Өйткені мұнда жет­кізілетін тауардың барлығы дерлік, әсіресе жеңіл өнеркәсіп тауарлары Қырғызстаннан шы­ғарылады. Бағалары арзан. Енді бұл жаққа тауар бұрын­ғыдай екі-үш қолдан өтпей, тікелей жеткізіледі.

Қырғыз ағайындар бұл сауда орталығының қазіргі жай-күйін ұнатып отыр. Базар барлық құрылыстық, санитарлық, өрт-қауіпсіздік қағида-ережелерге сай жабдықталған. Қыста жылытылады, жазда салқындатылады. Камералар, мықты күзет жұмыс істейді. Сауда жасаушылар­ға барлық жағдай жасал­ған.

"Қазір жалға орын алушыларды айналысатын сау­да түріне қарай сұрыптап, тіркеп жатырмыз. Кейін қолдарына ордер, келісім-шарт береміз, сосын жалға алған «бутигіне» тауарын әкеліп қойып, саудасын жасай бе­реді. Мұнда «Дордой» деп ата­латын автотұрақ жұмыс істей­тін болады. Сатушылар он­лайн-режимде «Дордоймен» байланысып қаже­тіне тапсырыс беруіне мүм­кіндік бар. Яғни екі ортада қатынайтын көліктер олардың тапсы­рысын көп ұзамай-ақ жеткізіп беретін болады. Сондай-ақ бұл сауда орта­лығының Түркістанда да ау­мағы 9 гектарлық бөлім­шесі ашылған. Ол «Алтынбұлақ – Дордой» деп аталады. Қырғыз кәсіп­керлерін ол жақ­қа да орналастыратын боламыз», - базар басшысы.

Бүгінде саудада Қыр­ғызстан тауарларына сұраныстың жақсы екенін, оның үстіне Шымкенттің тоғыз жолдың торабында орналасқанын, Өзбекстанның да жақын жатқанын ескерсек, бұл базарда сауда көп ұзамай-ақ құж-құж қайнайтын сияқты.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, Шымкент, қырғыз, жалға, ұзамай, болады, орталығының, базарын, Бекжан, осындай, Дордой, болды, базар, келісім, Шымкенттегі, орталығы, сілтеме, базарда, барлық, жұмыс, Шымкент, қырғыз, жалға, ұзамай, болады, орталығының, базарын, Бекжан, осындай, Дордой, болды, базар, келісім, Шымкенттегі, орталығы, сілтеме, базарда, барлық, жұмыс, Шымкенттің орталығынан өз базарын ашқан қырғыздар оңтүстікке ағылып келіп жатыр, Шымкенттің орталығынан өз базарын ашқан қырғыздар оңтүстікке ағылып келіп жатыр