Шымкент тұрғыны МС Сайлаубекке “Шымкенттің құрметті азаматы” атағын беруді ұсынды

Шымкент тұрғыны МС Сайлаубекке “Шымкенттің құрметті азаматы” атағын беруді ұсынды

Шымкент қаласының тұрғыны түсініксіз тілде рэп оқитын атыраулық МС Сайлаубекке жаңа атақ беруді ұсынды деп жазады Замана басылымы.

Құрметті редакция! Сіздерді көзіқарақты көп адам оқиды ғой, сол себепті билік басындағы ағалардың құлағына жетсе екен деп арнайы хат жолдап отырмын.Мен өзім соңғы кездері өте танымал «жұлдызға» айналған МС Сайлаубектің фанаты боламын. Оның «Фомэнэ клэп» әнін жатқа білемін. Оны Алматыда бір кісілер «Жыл адамы» деп жариялапты. Бұл туралы естіп қуанып қалдым. МС Сайлаубек Шымкентке де бірнеше рет келіп, концерт берді. Оған арнайы барып, риза болдым. Шымкенттіктердің көңілін көтергені үшін оған көп рахмет.Міне, менің осы орайда бір ұсынысым бар. Дәл осы МС Сайлаубекке «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілсе екен”, – деп жазады Асанбай Кенжеев есімді тұрғын.

Осы орайда, ол неліктен Сайлаубекке құрметті азамат атағын беру керектігін түсіндіріп өткен.

“Біріншіден, қалаға оның еңбегі сіңді деп ойлаймын. Екіншіден, естуімше, соңғы жылдары Шымкент қаласында мұндай атақ осындай өзгеше адамдарға беріліп жүр деседі ғой. Сол себепті менің осы ұсынысым сөзсіз ескерілсе екен деймін. Биылғы Маймыл жылында бұл мәселе де өзінің оң шешімін табарына сенемін”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?