ОҚО-да 800-ге жуық оқушы қыз мектеп жасында жүкті болып қалған

ОҚО-да 800-ге жуық оқушы қыз мектеп жасында жүкті болып қалған

ОҚО-да 2016 жылы ерте жүкті болған қыздардың саны 750-ден асқан. Олардың басым бөлігі Шымкент қаласының тұрғындары деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған nur.kz.

Соңғы жылдары жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының артуы да алаңдаушылық тудыруда. Өткен жылы суицидке барған жастардың саны 90-ға жуықтаған. Оның ішінде 36 оқиға қайғылы жағдаймен аяқталған. Мамандар осы мәселелердің алдын алу мақсатында студент жастармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

CПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының маманы Нәзира Жүргенбаева АИТВ инфекциясы еліміздегі аса қауіпті аурудың бірі екенін айтты.

"Статистика бойынша бұл қауіпті аурумен әлемде 38 миллион адам ауырса, Қазақстанда тіркелген адам саны 29 мың. Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген адамдар саны 2935-ті құраған."

СПИД дертімен ауырғандардың 75% бұл ауруды жыныстық қатынас кезінде жұқтырған. Облыста 2800-ден астам азамат нашақорлықпен тіркеуге алынған.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы мектеп оқушылары арасындағы жүктілік жағынан ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе мен Шымкент қалаларында тіркелген болатын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады