Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор 2-сабақ (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Сабақтың тақырыбы: Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор 2-сабақ
Оқу мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
Антропогендік фактор ұғымының анықтамасын біледі; Антропогендік факторларға мысал келтіреді;
Сабақтың мақсаттары: Экожүйе туралы түсінік қалыптастыру, антопогендік факторларға мысал келтіре алады........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогенді фактор. 1-сабақ (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Сабақ тақырыбы: Адам – экожүйенің бір бөлігі. Антропогенді фактор. 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау
Сабақ мақсаттары: адам – экожүйенің біртұтас бөлігі екендігін түсіну;
адамның экожүйеге жағымды әсерін түсіндіру және сараптау;.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.2.1-әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Автор көзқарасын анықтап, экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды. Дауыс ырғағының қызметін түсінеді және ажыратады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Медицина | Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою

Басқа: “чепец” таңғышы ыңғайлы және берік болып саналады, ол бинт жолағы арқылы төменгі жақ астына бекітіледі. Бинтті әрбір ораған сайын тік ленталардан асыра тастау арқылы (ұзындығы шамамен–1м ) оны біртіндеп барған сайын тік ете отырып, басты толық жапқанша орайды. Осындан кейін бинтті тік лентаға бекітіледі. Лента ұштарын иек астына бант түрінде байлайды, бұл бүкіл таңғыштың беріктігін қаматамасыз етеді.
2. Қолға: саусаққа орама таңғыш салу білезік аумағында біркелкі айнала жүрістен басталады (1), содан кейін бинтті қолдың сырты арқылы қиғаштап бас бармаққа әкеледі (2). Осы жерде сипральды айналыммен саусақ түрінне дейін бинттеледі (3,4,5,6,7). Қолдың сырты арқылы (8) бинт білезікке апарылып осы жерде бекітіледі (9). Осындай таңғыш барлық саусаққа салынуы мүмкін, ол қолғапқа ұқсайды. Қол басына әдепті сегіздік түріндегі таңғыш салынады. Білек пен бүгілген шынтаққа таңғыш орамал иілме түрінде салады, тік бұрышта бүгілген шынтаққа (шынтақ буынының ауруы немесе зауымдануы) “тасбақа” типті (ұштасатын немесе алшақтайтын) таңғыш салады, ол тізе аумағына салынатын таңғыш сияқты.
3. Кеудеге: Орама таңғыш салынады. Бинттен 1,5м бөлік кесіп алып, бір ұшы арқада, ал бір ұшы кеудеге салбырап тұратындай етіп сау білеккке қояды, семестр түріндегі ұшынан әжептәуір төмен айнала жүріспен бинтті бекітеді, осыдан кейін төменнен жоғарыға орамалы айнала жүріс арқылы барлық кеуде клеткасын қолтық астына дейін орайды және осы жерде айнала жүріспен бекітеді. Бинттің бос салбырап тұрған бөлігін (1) оң иықтан ары тастап, арқада салбырап тұрған ұшымен байлайды.
4. Ішке: іштің жоғарғы бөлігі үшін жоғарғы жақтан бинттің кәдімгі орама таңғышы қолданады. Іштің орамалы таңғышының жамбас таңғышымен біріктіруден тұрады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақша несие саясаты мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, “көлеңкелі экономика” масштабының өсуі т. б.
Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды.
Ақша - несие саясатының ең ақырғы мақсаты бағалардың тұрақтылығын, толық жұмыс бастылықты және ВНП-ның нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша - несие саясатының негізінде жалпы экономиканың хал-ахуалына ақшалардың және ақша - несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатады.
Монетарлық саясаттың бағыттары мен тактикалық мақсаттары ұлттық экономиканың күй-жағдайымен анықталады. Тәуелсіздік алуынан кейін Қазақстан Республикасы өзіне инфляциясы өсіп бара жатқан, құлдыраған экономиканы мұраға алды. Бұдан былай бұл процестер тек әрі қарай күшейді. Қазіргі кезде Ұлттық банктің жігерінің арқасында, сауатты ақша-несие саясатын жүргізуінің арқасында жағдай тұрақтандырылған болатын.
Біздің өмірімізге, Қазақстанның жаңа тарихына қарап біз ақша-несие саясатын зерттеудің өзектілігіне көзімізді жеткізе аламыз. Қазақстанның ақша-несие саясаты, табиғи америкалық, ағылшын немесе қандай болмасын басқа да монетарлық саясатын жүргізуші нарықтық экономикасы дамыған елдердегідей болуы мүмкін емес, демек бұл тақырып тағы ұзақ зерттеуді талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясы жеткілікті толық өңделген, бірақ ол қазақстандық экономика реалияларына бейімделуге мұқтаж екені анық. Осы өзектілік себептен, біз осы тақырыпты таңдадық.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ақша-несие саясаты тақырыбын толық ашып көрсету болып табылады. Негізгі мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді ашып көрсету алға қойылған:
- ақша-несие саясатының теориялық ілімдерінің негізін қарастыру;
- ақша-несие саясатының мәнін, механизмдерін, элементтерін қарастыру;
- ақша-несие саясатын қолданғанда пайдаланатын құралдарды қарастыру;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері ақша-несие саясатын талдау;
- қазіргі уақыттағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі прблемаларды қарастыру;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің алға қойылған бағыттарын қарастыру; ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің құрамды бөлігі

КІРІСПЕ
Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Жас азамат мәдениетті дегеніміз – инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ тұлғасы мәдениеттінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде, табиғат және адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілуіне, талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.
Қоғамның дамуында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Эстетикалық тәрбие – жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.
Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Басқару стилі мемлекет басқарудың ажырамас бөлігі

КІРІСПЕ
Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру.
Басшылық тәсілдері:
Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады.
Түсіндіріп тарату – ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден адамдармен өз еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсенділік көрсетеді.
Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.
Кей жағдайларда басшы билік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу

Тақырыптың өзектілігі. Сырдария – Қазақстанның ірі өзендерінің бірі. Бұл өзен ежелден ойынан тыс қалмаған.Алғаш адамдар мекендеп, игергенде ақ, өзеннің маңыздылығын бағалап, көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізген. Ғылым дами келе өзеннің адам тіршілігіне атқаратын қызметін ғана емес, со- нымен біргеоның геологиясын, топырағын, өсімдігін, жануарларын, т.б. зерт- теп жаңалықтар енгізіп отырда.Соңғы кездерде физика-географиялық ланд- шафттарына көңіл бөлді. Ал, ұсынып отырған жұмыста ғылыми зерттеулерді пайдаланып, Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технология- ларын пайдаланып, жаңа әдістер арқылы оның табиғатын сипаттау. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық