Менеджмент | Басқару стилі мемлекет басқарудың ажырамас бөлігі

 Менеджмент | Басқару стилі мемлекет басқарудың ажырамас бөлігі

КІРІСПЕ
Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру.
Басшылық тәсілдері:
Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады.
Түсіндіріп тарату – ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден адамдармен өз еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсенділік көрсетеді.
Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.
Кей жағдайларда басшы билік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді.
Басшы не болмаса менеджер – іс-қызметтің жасалуын басқа біреулер арқылы қамтамасыз етеді. Олардың жұмыстағы жетістіктері олардың нақты іс-қызметтерімен емес, керісінше адамдарда сезім, ынта жігер көзін оята алатын қабілеттермен бағаланады.
Басшының мақсаты адамдарға олар жұмыстарды (тапсырылған) орындайтындай ықпал жасау. Бұл қызметі орындау үшін басшыға ресми өкілеттік пен бірге билік қажет болады.
Билік – бұл басшыларға (олардың іс-қимылдарына) ықпал жасау мүмкіндігі.
Бұл түсініктердің барлығы кез келген елдің басқару қызметін сипаттайтын ұғымдар болып табылады. Осы жалпы мемлекеттердің басқару теориясын оның ішінде стилін, жалпы процесін, ашып көрсету менің курстық жұмысымның мақсаты болып табылады.
Курстық жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады.
Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде жалпы басшылық қызметі, яғни ұғымы, түсінігі, басқару тәсілдері туралы жазылған. Екінші бөлімінде басқару процесі, мазмұны, негізгі сипаттамалары, басшылық стилі, түрлері, оның Қазақстандағы сипаттамасынан мысал келтіріп кеттім.
Бұл курстық жұмысты жазуда көптеген әдебиет, оқулық, тағы да басқа басқару қызмет стилін зерттеген әдебиеттерді қолдандым.
І БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Басшылық ұғымы: мазмұны, негізгі сипаттамалары
Басшылық пен жетекшілік (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару acпeктici болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның максатын, әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді 6iлyi мүмкін.
Басқару функциясы — бұл басқару кызметінің белгілі 6ip тұтастай мазмұнға не болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл бас¬қару кызметінің мамандандырылған бөлігі. Басқарудың маман-дандырылған функциясының бірыңғай тұтас синтезделуші және интеграциялануын басшылық деп атайды.
Кәсіпорын басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелері еңбекпен атқарады. Бұл "функция" ете қиын, өйткені басшының алуан түрлі фактілермен ICТEC болуына тура келеді.
Басшы өзіне негізгі eкi міндетті жүктелетінін білу тиіс: адамдармен жұмыс ІСТЕУ және басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара байланысты, әpi күн өткен сайын күрделене түседі.
Басшы өз жұмысында ғылым мен техника жетістіктерін жаппай колдану технологиясына, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекеттің сипаттына сапалық өзгеpic енгізетіндігін ecкepyi тиіс, әpi адуныц өзi жұмыскерлердің ынта-ықыласына, талап-тілeri мен мотивтерге терең ықпал етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені 6iлімді, білікті жұмыскерлерді басқару eдәyip күрделі. Сонымен қоса басқару жұмысы 6ipшамa творчестволық, тартымды, әpi нәтижелі болады.
Басшының мақсаты басқалардыц өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету. Осы функциясын орындауы үшін өзінің формальды ӨКІЛЕТТІГІМЕН қоса, билігі болуы қажет. Билік — бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.
Ықпал ету мен билік жүргізу ықпал ететін жеке адамдарға, сондай-ак, нақты жағдайларға және басшының кабілетіне бай¬ланысты. Ұйымдастыру жағдайында, мәселен, билж жург1зу кызмет лауазымдарыныц 6ip-6ipine бағынуына қарай белгіленеді. Мұндай жағдайда адамда биліктің қаншалықты болатындығы оның формальды өкілеттің деңгейіне қарай емес, басқа адамға тәуелділік дәрежесіне қарай белгіленеді. Адамдар басшыға негұрлым тәуелді болса, оның билігі де соғұрлым көп бо¬лады.
Басшының қол астындағылар жалақыны көтеру, жұмыс тап-сырмасын алу, қызмет бабында жоғарылау, өкілеттігін ұлғайту, әлеуметтік мұқтажын қанағаттандыру секіді мәселелерде сол басшысына тәуелді болатындықтан, басшының қол астындағылара толық құқығы бар, екінші жағынан қабылданған шешімдердің
жүзеге асуы, тапсырмалардың дер кезінде орындалуы басшының қол астындағыларға тікелей байла¬нысты болатындықтан, кейде бұлар да басшыға билік жүpгiзe алады.
Басшы еңбегін таңдауға түрткі болатын ықпалдар
(А. Эрлих бойынша)
1- сурет. Басшы еңбегін таңдауға түрткі болатын ықпалдар
(А. Эрлих бойынша) /2/
Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік КЕРЕК. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына (физиологиялық талабы, корғалу талабы, әлеуметтік талабы, кұрметтеу талабы) ықпал етуге негізделген.
Ықпал етудің барлық формалары басқа адамның тілегін орындауға түрткі болады.
Гренг пен Рейвеннің жіктеуі бойынша биліктің негізгі бес формасы болады:
- Мәжбүр етуге негізделген билік қорқыту арқылы ықпал ету сонда ғана тиімді болады, егер ол мықты бақылау жүйесі мен нығайтылатын болса, әдетте бұған көп шығын кетеді.
- Көтермелеуге негізделген билік — қорқытып билік жүрізуге қарағанда едәуір ықпалды, әрі жұмыс сапасы 6ipшама жақсарады. Кейде қандай көтермелеудің тиімді болатындығын айқындау қиын.
- Эксперттік билік. Ықпал етудің арнайы бағыттарына, сол себепті тиісті мұқтажын қанағаттандыратынына орындаушы сенеді. Технология күрделеніп ұйым көлемі артып отырған жағдайда орындаушыға сенім арту барған сайын тиімді бола түсуде.
- Эталондык билік (үлгі билiгi). Ықпал етудің мінез-құлқы немесе қасиеті тартымды болатындығы соншалық, орындаушылар соған еліктеуге, сондай басшы болуға тырысады.
- Заңды билк. Ықпал етушінің бұйрық беруге хақысы бар екендігін орындаушы мойындайды, әpi оның міндеті бағыну керектігін түсінеді. Бағынушылар ықпал етушінің бұйрығын орындайды, өйткені дәстүр бойынша бағыну орындаушының қажеттік қанағаттандыратындығына сенеді. Сондықтанда көп жағдайда заңды билікті дәстүрлі билік деп атайды. Барлық басшылар заңды билікті пайдаланады, өйткені оның өзi басқа адамдарды басқаруға еркін береді.
Биліктің осы негіздері басшының негізгі құралы болып саналады, сол арқылы ол ұйымның мақсатына жету үшін кол астындағыларға жұмысты орындауды міндеттей алады.
Әлеуметтік құндылықтың өзгepyінe байланысты ұйым басшыларының пікіріне, басшылық қызметте істейтіндерге, әpiптестерге, сондай-ак ұйым мүшелігінде жоқ адамдарға ықпал етудің ең тиімді жолы сендіру деп есептейді, бipaқ бул тәсіл біршама баяу әсер етеді./1/
Жетекшілік (лидерлiк)
Әдетте бейресми топтарға ұжым мүшелері арасында беделі бар, icкe қабілетті адамдар жетекшілік етеді.
Әлеуметтік психологияда шағын топтағы жетекшілер деп мақсатқа жету мақсатында топқа жетекшілік ететін, басқа топ мүшелерімен өзара қарым-қатынас орнататын адам кызметін айтады.
Топ қызметінде жетекші (лидер) ұғымына сипаттама бергенде әлеуметтік психологияда мынадай жағдайлар бөліп қарас-тырылады: біріншіден, жетекшілік қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады; екіншіден топ қабылдаған нормалар мен құнды бағыт-бағдарламалар жүйесі жетекшінің колдауымен жүзеге асырылады, үшіншіден, топ өмiрiндегі арнайы алайда біршама мәнді жағдайларда жетекші тиicтi роль атқарады.
Әрине, топ жетекшілігінің роліндегі адамның жеке басында біршама сапалық ерекшеліктер, атап айтқанда, инициативалары мен белсендігі біршама жоғары, ұйымдастыру қызметшло тәжірибесі мен дағдысы бар, топ iciнe мүдделі, адамдарға yfiip әpi өзінің мінез-құлқымен үлгі-өнеге көрсете бшетш, топта едәyip беделді болуы тиіс.
Жетекшінің екі түрі болады:
1. Инструмент жетекші— адамдар тобында міндет пайда
болғанда топ мүшелері осы жұмысты атқара алатын жетекнп
Hi керсетед1.
2. Эмоционалдық жетекші— бұл маңдай алды жақсы адам өмірде осы eкi ерекшелікке ие болатын адамдар сирек кездеседі.
Бейресми топта жетекші болу мүмкіндігінің айқындаушы факторлары мынадай: жасы, лауазымдық орны, кәсіптік біліктілiгi, жұмыс орнының орналасуы, жұмыс аймағында ерекше әрекет eтyi және ықыластылығы. Жетекшіге дәл сипаттама беру топ жүйесінде қабылданған дәстүрге байланысты. Мәселен, кей6ip бейресми ұйымдарда ересек жас қолайлы, ал басқаларында кepiciншe болуы мүмкін.
Бейресми жетекшінің негізгі функциясы топтың мақсатына жетуге жәрдемдесу, әpi оны нығайта түсу. Жетекші бұл функцияны жүзеге асыру үшін топтық мақсаттарды белгілеп, соның орындалуын бақылайды, адамдарға жәрдемдеседі. Ол сарапшы (эксперт) ретінде қызмет етеді, ал адамдар қажет болған жағдайда одан ақыл-кеңес алады, топты сыртқы ортамен таныстырады, топ ішіндегі қарым-қатынасты реттейді.
Басшылық сипаты. X, У теориясы
Адам факторына ерекше көңіл бөлген алғашқы авторлардың бipi Д.Мак—Грегор болады. Ол өзінің жұртқа белгілі «Кәсіпорынның адамгершілік жақтары» кітабында басшылықтың (автократиялық) және либералдық (демократиялық) түрлерін ажыратып көрсетед!. Ол жұмыскерлерге өктемдік (автократиялық) басшылықты «X» теориясы деп атады. Бұл теория бойынша басшылар өзінің карамағындағылар туралы былайша ойлайды:
1.Қабілеті орташа адамдарда жұмысты жек көрушілік сезІМІ басым болады, олар әйтеуір ебін тауып содан кашқақтауғa тырысады.
2. Адамдарда осындай қасиет басым болатындықтан, оларды
бақылау, жазалау арқылы, қорқыту арқылы жұмыс істеуге мәжбүр ету, осындай куш-жүгер жұмсау нәтижесінде ұйым мақсатына жету қажет.
3. Қабілеті орташа адамдар өзіне басшылық ету тиіс деп санайды, олар жауапкершіліктен сактайды, бұларда атаққұмарлық деген онша байқала қоймайды.
Автократ—өктемшіл басшы өз eKUfliriH барынша колданады, шешім қабылдағанда карамағындарыларға мүлде еркіндік бермейді. Автократ сонымен коса өз билігіндегі барлық жұмыска түгелдей басшылық етіп, жұмысты орындауды қамтамасыз ету үшін психологиялық қысым көрсетуі, тiпті қорқытуы мүмкін.
Либерал (демократ) басшы «У» теориясы бойынша мынадай қағиданы ұсынады:
Адамға ойнау немесе демалу кажет болса, кез келген жұмысты орындау үшін акыл-ой мен дене күш жұмсау соншалықты қажет.
Ұйым мақсатына жету үшін сырттай бақылау және жазамен қорқыту — күш-жігерді жұмылдырудың 6ipін-6ip құралы емес. Мақсатты шынайы түсінген адамдар өзіне-өзi бақылап, өзіне-өзі басшылық ете алады.
Мақсатқа берілгендігі — соған жетуге байланысты мадақтау функциясы.
Қабілеті орташа адамдар тиісті жағдай болғанда, өзіне жауапкершілік алып қана қоймай, соны орындауға тырысады.
Көз алдына елестете білу, тапқырлық және ұйымдық проблемаларды іскерлікпен шешу — адамдарда көп кездесетін белгінің 6ipi.
Қaзipri өнеркәсіп революциясы жағдайында орта буынның интеллектуалдық потенциалы мен кабілеті жарым-жартылай ғана пайдаланылады.
Либерал басшылар ықпал етудің осындай механизмдерін
дұрыс деп санайды, ал демократ басшылар кол астындағыларға өз пікірін зорлап міндеттеуден бас тартады. Алайда қазір «Х» теориясы (қамшылау және алдау) ic жүзінде қолданылмай тұр. Бүгінде «қамшылау» менеджерлерге мүмкін емес, ал «алдау» саналы жұмыс істеудің 6ipден-6ip ықпалы болудан қалды. АҚШ-тың ойдағыдай жұмыс істеп отырған барлық корпорациялары «У» теориясын ұстанады. Қaзipгi басшылар адамдардың жұмысы тиімді болуы үшін оларды еңбекке ынталандыруды басты міндет деп санауы тиіс.
Жапон менеджерлері қызметшілерді басқарудың өзінің қағидасын —«F» теориясын ұсынды. Бұл адамдарға қамқорлық жасаудың жапондық ерекшеліктеріне негізделген. Жапон менеджерлері адамдарға қамқорлық жасауды тұтастай қарастырады (қайда тұрады, немен, тамақтанады, бос уақытын қалай өткізеді оның балалары қайда оқиды т.б.). Жапон менеджерлерінің ерекшеліктері туралы жоғарыда толық айтылған./3/
1.2 Басқару процесі ұғымы, түсінігі
Басқару — адамдардың кәсіпкерлік қызметі. Бұл қызметтің мән-мазмұнын айкындау үшін оның анықтамасынан бастайық. Баскару —■ бұл ұжымдары адамдарға және жекелеген адам¬дарға, олардың бірлескен еңбек жұмыс процесінде максатты жүйелі ыкпал ету. Осы анықтамадан 6ipқaтap корытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен ықпал ету, демек мұның өзi сол әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді.
«Мақсаттылық» аныктамасы басқару міндетін — ұжымның алдына қойған мақсатына жeтyін қамтамасыз етуін көздейді. Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті.
«Жүйелілік» анықтамасы дүркін-дүркін емес, жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру кажеттілігін көрсетеді.
Әрекеттің осындай міндеттi бірізділiгiн басқару пpoцeci дел атайды. Әр түрлі деңгейде басқару процестерінің күрделілігіне және алуан түрлілігіне қарамастан, Д. Н. Бобрышев осы категорияның басқару процесіне біршама жалпылама анықтама береді. Басқару пpoцeci—бұл шешім шығаруды, кабыл дауды, қабылданған шешімнің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің орындалу бары¬сын бакылауды бірізділікпен жүзеге асыру. Бул анықтама баскару әрекетінің мазмұнын да ашады.
Басқару процестерін басқарудыц көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, колхоздар мен тасымалдау орындарында, құрылыс пен жоғары оку орындарында. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгілі 6ip мақсатқа жету үшін басқару қызметі 6ipiншi кезектен міндет болып саналады. Басқару пpoцeci мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйьмында да бірдей жүргізеді. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол 6ip максатты көздейді, әрине, мұндай жағдайда кө6iнece «Стратегиялық басқару», «жедел басқару» секілді терминдерді пайдаланады. Бipaқ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.
Басқару циклді процесс ретінде қарастырылады, ол басқа¬ру функциясы» деп аталатын басқару жұмысының нақты түpiнен тұрады. Басқару функциясы — басқару кызметінің нақты түpi, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әд1стер, сондай-ак тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Әp6ip басқару функциясы процесс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Бас¬қару функциясы барлық функцияньң жалпы жиынтығы. Басқа¬ру функциясына ғылымньң көптеген салаларындағы ғальмдар зор көңіл бөлген кезінде А. Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегеніміз болжалдау және жоспарлау, ұй-ымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау». Бұл функ¬ция баскарудың теориялық категориясы ретінде әдебиеттерде көптеп пайдаланылады, 6ipaқ біржақты емес.
Функция — көпмағыналы термин. Философияда бұл eкi объектінің (топтың) қарым-қатынасы, онда 6iрeуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады, социологияда — белгілі 6ip әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажеттілігін орындайды.
Функция — бұл сонымен коса әрекет, міндет, жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы басқару функциясыньң категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа функциялардан — eрекшелігі әлеуметттік т. б. өзгешелігін көрсету үшін пайдаланылады.
Басқару функциясының өзінің өзгешелігі, ерекше мазмұны болады әpi дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез келген басқару саласындағы адамдар қызметінее теңдестіруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын үйлеcтipy, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректерін негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау кажет.
Басқарудың барлық функциясы 6ip-6iрінe ТЫҒЫЗ байланысты, сонымен...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?