Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі. 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР «Тілдер туралы» Заңы қабылданып, қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияның 7-бабында былай делінеді: «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды». 1997 жылы 11 шілдеде ҚР «Тілдер туралы» жаңа Заң Парламентте қайтадан талқыланып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі. ҚР «Тілдер туралы» Заңының 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. 38 Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (орыс мектебінде – Т2) 6-сынып (1,2,3,4 тоқсан)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) 6-сыныптың «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Табиғатты аяла
Әлемдегі ірі кітапханалар. Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі.
Табыс септігі. Қазақ тілі.
Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 2-сабақ (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау.
Сабақ мақсаттары: Дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау..........
Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 1-сабақ (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы.
Сабақтың тақырыбы: Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қандай ұғымдар жақсылыққа, қайсысы жамандыққа жататынын көрсетеді. Өздерінің әдеп туралы
ұғымын түсіндіреді.түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды.
Барлық оқушылар:
Оқушылар жақсылық пен жамандық жөнінде талқылайды, өз сезімдері мен істерін осы ұғымдармен сәйкестендіреді, өз таңдауын түсіндіреді,.........