Табыс септігі. Қазақ тілі.


Жаңартылған білім мазмұны бойынша 4 сынып қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары 

Табыс септігі тақырыбында 4 сынып қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары

 

Пән     Қазақ тілі.    Бөлім   Табиғат құбылыстары .    № 76-сабақ. Тақырыбы Табыс септік.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:  Алмабаева  А.К.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.3.6..1 - белгілі бір тақырыптың түрлерін.жанрын.стилін салыстырып.ұқсастығын мен айырмашылықтарын анықтау

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:     үлгі негізінде тірек сөздерді қолдана отырып, мақала жаза алады; мұғалімнің көмегімен зат есімдерді септейді.

Оқушылардың көбі:    берілген тақырып бойынша мақала жаза алады; зат есімдерге сұрақ қою арқылы  септейді.

Оқушылардың кейбірі:болған оқиғаны сипаттап мақала жаза алады; өз бетімен зат есімдерді септейді.  

Бағалау

критерийлері

• Берілген тақырып бойынша мақала жазады.

• Зат есімдерді септей алады.


Тірек сөздер

 

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Зат есімнің септелуі. Атау септік.Ілік септік. Барыс септік.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-Кейіпкердің іс-әрекетін қалай бағалайсың?

-Қабырға газетін жасауда нені ескеру керек?

Құндылықтар

өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық  қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық          байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы білім

Зат есім. Зат есімнің септелуі. Мақала жазу.

Сабақ барысы

уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

 

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Бүгінгі күнге .................. тілеймін.

Оқушылар өз тілектерін бір сөзбен айтып шығады.

Алдыңғы білімді  пысықтау.

Оқушыларға өткен материалды пысықтау үшін «Қай  топ жылдам» ойыны жүргізіледі. Әр топқа  7 септік тізімімен әр септіктегі сөздер тізбегі араластырыла беріледі. Оқушылар берілген сөздердің орнына 2 минут ішінде септіктер мен сөздерді сәйкестендіріп қойып шығады..

1-топ.  Табиғат

2-топ.    Өсімдік

3-топ.   Күн  - әр септікте беріледі.

-Сөздердің  бір-бірінен айырмашылығы неде?

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

51-жаттығу. (Ұ)  Мәтінді тыңдау.

Тыңдалған мәтін бойынша кейіпкердің әрекетіне өз пікірін білдіру. Сұрақтар:

–          Мәтін не туралы?

–          Мәтіннің бірінші бөлігінде не айтылған?

–          Қармаққа не ілініп қалды?

–          Аққу қармақтан қалай босады?

–          Мәтіннің авторы кім?

Мәтіндегі кейіпкердің әрекеті дұрыс болды ма? Неге?

Оқушылар өздері дайындап келген аққу құсы туралы деректерімен таныстырады.

Табиғатты қорғауға  3 мысалдан келтіру.

Слайд

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

12 минут

 

 

 

 

 

 

 

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ұ.Ж) 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Тапсырма .52-жаттығуда берілген сөйлемді ауызша талдау.Асты сызылған сөздерге сұрақ қою.

         1.Халық аққуды киелі құс деп есептейді. 2.Аққуды қармақтан босаттым. 3. Аққулар  өзен жағасын  әнге бөледі.

4. Алыстан балықшыны байқадым.

 - аққуды –нені?

 - өзен жағасын- нені?

 - балықшыны –кімді?

-Бұл зат есімнің септелу кестесінде қай септікке тән?

-Жалғаулары қандай

Дескриптор:

-табыс септігіне жалғауларды дұрыс жалғайды;

-ол сөздерге  сұрақ қояды, жалғауын анықтайды.

    Қалыптастырушы бағалау мұғалім бағалауымен жүзеге асады.

Жаңа ақпарат.

  Табыс септіктегі зат есімдер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді.

Табыс септігі атау септіктегі сөзге -ны, -ні, -ды, -ді,

-ты, -ті жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды табыс септік жалғаулары деп атайды.

«Табыс»сөзіне талдау жасау.( Кіріс,пайда, олжа)

53-жаттығу. (Т; Ұ) Сөздерді топтау.

     Сөздерді белгісіне қарай топтау. Топтардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру. Бұл тапсырмада оқушылардың жиынға байланысты білімдері қолданылады.

Әжеге, жаңартау, эколог, от. атама. найзағайдың, су, желді, ұшқышты,  даласын, бағбанды

55-жаттығу. (Ж; Қ) Мақалдарды оқып, табыс септіктегі сөздерді тауып астын сызу.

Табыс септігіндегі сөз сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын жұптасып анықтау.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

 

 

Фрейер  моделі  (топтық жұмыс)

 1-топ . Ілік септігі

2-топ. Барыс септігі

3-топ . Табыс септігі

 

 

 

 .

 

 

Дидактикалық материал

 

Жұмыс дәптері

 

Слайд

 

   

 

 

 

 

 

А3 қағазы, түрлі түсті фломастермаркерлер

стикерлер

Сабақтың соңы

5 минут

 

. (Ө; Қ) Семантикалық картасын толтыру.

 

 

ҚБ. Бағалау.Көршіңді тексер. Тапсырманы бір –біріне  ауыстыра тексереді

 

МК; Ұ) Сабаққа рефлексия жасау.

«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, жұмысқа өз көзқарасын білдіреді.

Айтып болған соң,  басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып,  сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен  қатысады.

 

Слайд

 

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау.

Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Табыс септігі атау септіктегі сөзге -ны, -ні, -ды, -ді,

-ты, -ті жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды табыс септік жалғаулары деп атайды.

 

                

Аққу жайлы 20   мәлімет :

1.Аққудың серігі қайтыс болғаннан кейін, ол қатты қайғыға батады. Ал кейбіреулері өзіне қол жұмсайды.

2.Климаты ыстық жерде – олардың түсі қара, ал суық аймақта – ақ.

  1. Бұл құстардың басым көпшілігі Қызыл кітапқа енген.

4.Өзіне жұп тапқан соң, өмірінің сонына дейін оны тастамайды. Сол себептен, тойға шақыру билеттерінде үнемі екі аққудың суреті бейнеледі.

5.Оның денесінде шамамен 25 мың қауырсын болады.

  1. Қара аққу көбінесе Австралия құрлығында мекен етеді.
  2. Қауіп төнген жағдайда, адамға шабуыл жасауы мүмкін. Адамның сүйегін сындырып жіберген кездер болған.
  3. Суыққа төзімділігінің арқасында, 8000 метр биіктікте ұша алады. Бұл құстар арасындағы әлем рекорды.
  4. Өмір сүру ұзақтығы 20-30 жыл.
  5. Еуропаның суда жүзейтін ең үлкен құсы болып табылады. Оның ауырлығы – 15 килограммға дейін барады.

11.Олар суда өсетін өсімдіктермен, құрттармен және жәндіктермен қоректенеді.

  1. Аққудың 6 түрі белгілі.
  2. Ересек аққу – 5 кг тамақ жеп қоюы мүмкін.

14 . Орташа ұшу жылдамдығы – 65 км/сағ.

  1. Аққулардың үйректерден басты ерекшілігі, олардың мойнының ұзын болуы.
  2. Ұлыбританияда барлық аққулар ханшайымға тиесілі және оларды аулауға тиым салынған.
  3. Оның көздері өте жақсы көреді. Бұл қабілет оған судың астынан азық табуға көмегін тигізеді.
  4. Аққу – Финляндия елінің ұлттық құсы.
  5. Ежелгі заманнан бері, аққуды өлтіру адамның өміріне бақытсыздық әкеледі деген сенім бар.
  6. Туылған кездегі түсі сұр болады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу