Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 2-сабақ (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

 Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 2-сабақ (Дүниетану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау.
Сабақ мақсаттары: Дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау.

Ұйымдастыру.
(Ұ) Психологиялық дайындық
Армысың, ару Күн!
Армысың, жақсы дос!
Бос өтпей әрбір күн
Білімге білім қос!
Оқу мақсатымен таныстыру.
Дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау.
- Ой қозғау
- «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің?
- Өзің қандай жақсылық жасай аласың?
- Жақсылық жасауды қайдан үйрендің?
- «Жақсы ісің алдыңнан шығады» дегенді қалай түсінесің?
Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме?
(МК, Ұ) Сабақта оқушыларға айнаға қарауды ұсыну. Олар әртүрлі эмоцияларды көрсетуі керек: мейірім,қорқыныш, ақкөңілділік және т.б.
• Айнаға қарап күлімде.
• Ал енді қуанышты, таң қалған,
ренжіген адам бейнесін келтір.
• Қай бейне жағымды көрінді?
Неге?
Айнадағы эмоцияларын қағазға жаздыру. Балалар өзіне ұнайтын эмоцияларды (жақсылық, қорқыныш, қайырымды және т.б.) бейнелейді.
Оқушылардан өз эмоцияларын парақшаларға жазып тақтаға ілуін сұрау. Тақтада қандай эмоция басым екенін анықтау, нәтижесін диаграммаға салу.
Сұрақтарға жауап алу
- Жақсылық дегенді қалай түсінесің?
- Жамандық дегенді қалай түсінесің?
-Досыңның қандай болғанын қалар едің?
«Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»
-Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.
Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады.Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.
Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақ- сылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»
деген екен. Біреуді таны –таныма жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал-мәтел жаттап жүруіміз керек. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіру.
Жақсылық қылсаң-жасыр,
Жақсылық көрсең – асыр.
Өзгеге жасаған жақсылығың ,
Өзіңе жасаған жақсылығың
Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.
(Ұ) Жақсылық пен жамандық арасындағы күрес туралы мәтін оқу.
Мәтінмен жұмыс. Адам ішіндегі екі қасқыр.
Талқылау сұрақтары:
• Неліктен екі қасқыр арасында күрес жүрді?
• Сен қай қасқырды асыраған дұрыс деп ойлайсың? Неліктен?
(Т) «Әдептілік» терегін шағын топта құрастыру.
Топта оқушылар өз бойында кездеспеген, бірақ басқалар жазған жақсы істер мен әдепті мінез-құлықты анықтайды. «Бұл менің де қолымнан келуі мүмкін, егер мен ...» деп өз дерегін сыныпқа ұсынады.
Сен білесің бе?
13 -қарашада Дүниежүзілік Мейірімділік күні. Бұл күні 1998 жылы Жапонияның астанасы Токио қаласында бірінші рет Халықаралық жақсылық күніне арналған конференция өтті. Осы күні жақсы, шынайы, қайырымды іс жасағысы келетін адамдардың бәрі қосылуға болады.
(МК) Өмір – бұл айна сияқты. Біз жақсы іс істесек те, жаман қылық жасасақ та, соның бәрі көрініп тұрады. Мысалы, біреуге күлімсіреп амандассақ, ол да бізге жымиып қарайды. Біреуге көмек көрсетсек, ол өз алғысын білдіреді. Өміріміздің жақсы немесе жаман болуы өзімізге байланысты.
Өміріміздің айнасын қалай жақсарта аламыз?
Оқушылардың пікірін білу.
Орындап көр
Бүгін қандай жақсы істер жасайсың?
Жақсы істер сөздігін құрастыр.
Жақсылық күніне арнап өз эмблемаңның суретін сал..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 362



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?