Қаныш Сәтбаев – жан-жақты ғалым (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім және ғылым
Сабақ тақырыбы: Қаныш Сәтбаев – жан-жақты ғалым
Оқу мақсаты: Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру
Сабақ мақсаты: Қ.И.Сәтбаевтың зерттеген кен орындарын анықтап картаға орналастыру;
- Қ.И.Сәтбаевтың жан-жақты ғалым екенін талдап, ерекшеліктерін сипаттау;
- Қаныш Сәтбаевтың Қазақстанның ғылымын дамытудағы рөліне баға беру;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.

Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін.......
Шығармалар
Толық

Экономика | Екі жақты жазу тәсілінің Германияда дамуы

«Немістер өз кітаптарын өте әдемі жүргізеді және жазуларын өте ұқыпты жазады. Олар Италяндықтардан үйренді»- деп жазды Ян Импин. [цит: 151, с 83]. Бірақ олар бұның бастысын емдеу жағынан қабылдады. Немістердің идеясы италяндықтар секілді қаржылық әскерелеу есебіне сәйкестендірілген жоқ, керісінше материалды жауапты тұлғалы факторлармен ішкі есептерді ашу болып табылады. 1531 жылы Иоган Готлиб италяндық бугалтерияны немістің факторы мен қолдануға әрекет жасап көрді. Немістік және Италяндық синтездеу идеясын жалғастырушы немістің ірі бухгалтерлері Вольфганг Швайкер (1549ж) және Христоф Хагер (1654 ж) болды.
Есептің мақсаты: В. Швайкер бухгалтерияны табысты есептеудің және анықтаудың есебі ретінде құрастырды.
Әр ұйым және қожайыны үлкен,
Есепшілікті білуге тиіс
Тексергісі келгенде басқаны
Қанша қаражаты білгісі келгенде
Дәл осы жар ойды ол бұдан неғұрлым үлкен жоспарға анықтады: ретсіздікті немесе анығырақ айтқанда ретсіздіктен реттілікті дүниеге әкелді. Біз В. Швайкердің жұмысында біз бухгалтеряны анықтығын таба аламыз, ол сол уақыттың ерекше «іскер адамдардың» типтік есебін көрсетеді: «Бухгалтеря басқа бір есептерге ұқсамайды, ол сауданың және келісімін епті суреттемесіне» немесе жазбасы. Осыған қоса ол үй жұмыстарында, кіріс кезінде, түсім және басқада операциялар кезінде және тауарды жіберу, қабылдап алу, сатып алу, сату т.б. Есепті көріністерде есептің дұрыстығы және епті тәсілмен есептеу қатесіз, тез және қиындықсыз соңғы шешімге келеді.
Қаржылық есептің шапшаң нәтижесі үшін тағы да төрт ой келді. Факторлы бухгалтерияның шеңберінде Х. Хагер ой қозғады: «Бухгалтерлік есеп- ол әдемі, бейнелі, мұхият сараланған, барлық шығыстармен кірістердің құралу және жасалу жолдарын, оған қоса девиторлар мен кредиторлардың есебін әр уақыт, әр мезгіл, әр сағат немесе әр минут істің мән жайын біліп отыру үшін, және олардың (ілгерілік) прогресс жағдайында ма әлде (кері кету) регресс жағдайында ма, қысқаша айтқанда мүлік иесінің ұтылып немесе ұтып жатқанын көрсетеді»- деп жазды Х. Хагер.
Сонымен бухгалтерлік есептің мақсаты- мүлік иесінің ұтылыс жағдайында және ұтыс жағдайында екенін көрсету, шеттен алып шығару, бірақ ол барлық Италяндық неміс бухгалтерлер үшін емес. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Үндістан-Қытай арасындағы қарым-қатынастарын жан-жақты сараптау

Үндістан мен Қытай елдері өз тәуелсіздігін алғаннан кейін және халықаралық аренаға жеке субьект ретінде шығуына байналысты, экономикалық, әскери және ғылыми-техникалық потенциалды қайта құруды және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына түзетулер енгізе отырып, сыртқы саясатта белсенділік көрсетіп, халықаралық қатынастарда өз елінің беделін жоғары көтеру мақсатында әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстар орнатуды көздеді. Сонымен қатар, Үндістан мен Қытай өзара екіжақты қарым-қатынастардың орнауына да ат салысып, екі ел арасындағы байланыстардың даму барысында пайда болған бірқатар күрделі мәселелерге шешім табуға тырысты. Алпауыт елдер арасындағы қатынастар достық қарым-қатынас пен жауласу кезеңдерін өткеріп, қазіргі заманғы серіктестікке бағыт алды.
Қазіргі уақытта да Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жалпы дамуындағы өзгерістер тек Азия құрылығына ғана емес, бүкіләлемдік стратегиялық саясатқа да өзіндік ықпалын тигізуде. Сондықтан да осы екі алпауыт елдер арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдісін зерттеу заман талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны даусыз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Мектепке дейінгі балаларды жан - жақты тәрбиелеу

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – адам сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру көп сатылы үрдіс.
Н.С.Дежникова экологиялық мәдениетті қалыптастыру балалардың рухани дамуына дамуына әсер ететін, олардың экологиялық көзқарастарын қалыптатыратын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Оның ойынша, экологиялық тәрбиенің деңгейін ересек топ балаларының қоршаған ортаға деген құнды көзқарастары туралы қалыптасқан білім жүйелерімен анықталады.Ересек топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру отбасы мен балабақшадан нәр алып, дамуы керек.
Зерттеудің мақсаты:
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаттарының бірі – ересек топ балаларының экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында экологияның қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.
Зерттеудің міндеті:
-Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жөнінде білім деңгейін көтеру;
- Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық білімін дамыту және шоғырландыру;....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Дидактикалық ойын аркылы баланы жан жақты жарасымды тәрбиелеу

Ойынның материалға, мазмұнына, ұйымдастыру формасына, баланың дербестігіне, оның қалыптасу деңгейіне байланысты бірнеше түрлері бар. Ойын туралы ХХ ғ. зерттеулер пайда болды. Тұңғыш рет ойын бала үшін еңбек деген пікірді неміс психологы-философ В.Вунд, орыс философы 1912 жылы Г.В.Плеханов өзінің еңбегінде көрсетті. Плеханов бұл проблеманы зерттейтін адамзат қоғамының бір өмірдің қалыптасуы деп түсіндірді. Сөйтіп өнер мен ойын арасында генетикалық жалпылық бар деп айтты. Плехановтың пікірі бойынша қоғам тарихында еңбек ойында белгілеп анықтайды. Плехов ойынның әлеуметтік мазмұнын ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениет деп түсінеді.
Еңбек құралдары күрделенуіне байланысты бала ересек еңбегінен араласа алмаған себебі білімнің, біліктің, икемділікті талап еткен. Сөйтіп ересектер балаға еңбек әрекетінің жаттықтыратындай ойыншық дайындаған.
Алғаш рет Фребель ойынды тәрбие құралдарын көрсете жіктей білген. Оның пікірінше ойынды саралау принципін негізін ақыл-ойынның ықпал етуі (ақыл-ой ойыны)
2. Ішкі сезім ойындардың сыртқы орган (сенсорлық ойындар).
3. Қимыл-қозғалыс ойындары (моторлық ойын),
К.Грос неміс психологы ойынның педагогикалық мәніне байланысты былайша жіктеледі:
1. қимыл-қозағлыс ойыны
2. ақыл-ой
3. сенсорлық
4. еркін дамытушылық
Ойынның үшеуін қарапайым қызметі бойынша топтасыратын ойындар. Екіншщі топ ойынның арнаулы қызметі бойынша «арнаулы» бұл ойындарға инстинг жетілдіру мақсаттары жатады. Оған отбасы, аң аулау, күту ойындары. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Зайсан ойпаңының территориясының жаңа тектоникасын жан жақты зерттеу

Тақырыптың өзектілігі: Зерттеліп отырған тауаралық Зайсан ойпаңы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Ойпаң солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 260 км-ге созылып жатыр, орташа ені 110-120 км, ауданы 32000 км2. Зайсан ойпаңы солтүстігінде оңтүстік Алтайдың таулы сілемдерімен, оңтүстігінде Саур-Тарбағатай таулы жүйелермен, батысында Шар-Көкпекті ұсақ шоқысымен шектеседі. Ойпаңның териториясында аймақтық және жергілікті жарылымдар таралған. Зайсан ойпаңында әртүрлі аккумуляциялық, аккумуляциялық-денудациялық бедер пішіндері тән.
Жұмыстың өзектілігі тауаралық Зайсан ойпаңының территориясында жаңатектоникалық қозғалыстар әсерінен жер қыртысы деформацияға ұшырап әртүрлі бедер пішіндері қалыптасуына әсер етіп, жер сілкіністері болып тұрады. Қазіргі геоморфологиялық процестер бедердің морфологиясын, денудацияның даму деңгейін анықтайды және территорияның топырақ түзілуіне, табиғи су ағынына, экологиясына әсер етеді. Территорияны жан-жақты зерттеу маңызды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың мақсаты Зайсан ойпаңының территориясының жаңа тектоникасын жан-жақты зерттеу, жер сілкінуді қадағалап зерттеу, соның нәтижесінде оларды алдын-ала болжаудың халық шаруашылығына маңызды мәселе екендігін көрсету.
Жұмыс негізінен жинап алынған ғылыми әдебиеттерге, Қазақстан республикасының геологиялық қорындағы құжаттарға сүйене отырып, картографиялық материалдар зерттеу нәтижесінде жазылған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Асқар Алтай | Кержақтың монологы

Ол іштен тынғалы қашан? Ішіне қан қатқалы қашан?!

...Трау–трау... трау–трау... трау...

Таспиықтың тарғыл тасындай тізілген тырналар легі тыраулаған мұңлы үнімен төмендегі тау ішін тербейді. Бірақ тіл-жақсыз тынған кержақ шал селт етпейді. Ат жақты‚ қоңқақ мұрын‚ астау бас‚ дөң қабақ кержақ керең еді... Таскерең тыныштықта өзен иіріміне қармақ салған ол опырылып кетер жар жиегіне жайғасқан. Темекі түтіні ыстағаннан зәрсіңді жаялықтай, жалқаяқ тартқан түкті жүзінен ештеңе аңғарылар емес.

Құлағы көрдей керең тартқан‚ тіл-аузы тас байланған‚ тек көкпеңбек қос шырағы шырадай жанған шалды бүгін де ежелден етене сезім иелеп‚ ауыр ой иектеп алған. Осы бір жұртқа жұмбақ ұры ой‚ жанға жат сұм сезім уысында ұстап‚ сүліктей сорып–ақ келеді. Сыртқа шығаруға тәуекелі жеткен емес. Құдай да қыбын келтіріп‚ тілін тартып‚ құлағын бітеп тастаған. Ал ел білсе — бетіне түкіріп‚ безініп кетері хақ......
Әңгімелер
Толық

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан келіншек Қытай елін "екінші үйім" деп атады (фото)

Қазіргі таңда ұлтаралық некемен ешкімді таңғалдыру мүмкін емес. Бірақ елімізде қазақ қыздарының қытай жігіттеріне тұрмысқа шығуын қоштамайтындар көп. Қытай ұлтының өкілімен бас қосқан Айжан Райымбекова бұған біржақты қарсы адамдарға өз көзқарасын білдірді деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

Халық арасында кең байтақ Қазақстанның әр аймағына тән қатып қалған қағида қалыптасқан. Бұл біржақты пікірлерді күнделікті құлағымыз шалады. nur.kz порталы оқырмандарына қазақстандықтардың санасына сіңіп кеткен түрлі стереотиптерді ұсынады.
Жаңалықтар
Толық