"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

Халық арасында кең байтақ Қазақстанның әр аймағына тән қатып қалған қағида қалыптасқан. Бұл біржақты пікірлерді күнделікті құлағымыз шалады. nur.kz порталы оқырмандарына қазақстандықтардың санасына сіңіп кеткен түрлі стереотиптерді ұсынады.

«Шымкентский вариант»
"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

Шымкент туралы ел арасында неше түрлі әңгімелер айтылады. «Шымкентский вариант», «шымкенттік келіндер», «Шымкент - Техас», «Мәселені шымкентше шешіп тастау» деген сөздерді жиі естиміз. Шымкенттіктерді өзгелерден пысық әрі қу деп санау жұрттың санасына әбден сіңіп алған. Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары шымкенттіктердің жүрмейтін жері жоқ деп ойлайды. Олар шымкенттіктердің қай жерге көшіп барса да, тез үйренісіп кететінін алға тартады.

«Картопты сүйіп жейтін Нарынқол»


Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты ауылды бүкіл Қазақстан біледі. Нарынқол десе жұрт оларды картопты сүйіп жейтін халық деп елестетеді. Өйткені бұл бұрыннан бері картоп өсіруде алда келе жатқан аймақ. Көпшілік Нарынқолды әзілдеп "Норвегия" деп атайды. Нарынқол ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен жұртқа жақсы таныс.

«Найман»


Жоғарыда аталған "шымкентский вариантпен" қатар елімізде "найманский вариант" деген біржақты пікір қалыптасқан. Найман руынан шыққандарды көпшілік айлакер, қу деп қабылдайды. Сондай-ақ білмейтін жұрт семейліктердің бәрін найман деп ойлайды. Көпшілігі наймандардың пысық екенін, ойлаған істі елден бұрын жасап тастайтыны туралы айтады.

«Шудың шөбі»


Тек Шу алқабында емес, тегіс Орталық Азия елдерінде өсетін қарасора шөбі Шудың атына жабысты да қалды. Жұрт Шу десе көз алдына есірткі дайындайтын осы бір шөптің атауы еріксіз ойға оралады. «Шудың шөбі» осы аймақтың атағын шығарып тұр. Сондықтан білмейтін жұрт Шудан келген адамға күмәнмен қарайтыны рас.

«Қылмысқа толы Тараз»


Тараз қаласына байланысты ел арасында "қарақшыға толы криминалды мекен" деген стереотип қалыптасқан. Таразға барып көрмеген адам ол жақта атыс-шабыс жиі болып тұрады деп ойлайды. Түнгі Тараздың тіршілігі оларға әзірейілдей көрінуі мүмкін. Тіпті сол қалада туып-өскен режиссер Нұртас Адамбай да осы мәндес фильм түсіргені белгілі.

«Астананың желі мен бораны»


Астананың атауы күндіз-түні соққан желімен, қыстыгүні ұйытқыған боранымен қатар аталады. "Бізде аяз қатты, қалпағыңды емес, адамның өзін ұшырып әкетеді», - дейді елбасының өзі де Астананың қатаң климаты туралы.

«Южан»


Батыс, Солтүстік, Орталық Қазақстан аймағындағы жұрт оңтүстік облыстардың тұрғындарын «южан» деп атайды. Олар «южандарды» тіліндегі диалектілерден, қылықтарынан бірден байқап қояды. Өзге аймақ халқы оларды әккі, пысық деп ойлап, оларға жоламай, алыстан араласу керек дейді.

"Жабайы Батыс"


Батыс Қазақстан тұрғындарын жұрт қызуқанды, ешкімге сырын алдырмайтын, мінезі бірбеткей деп қабылдайды. Олардың жай сөйлегенін басқа аймақ тұрғындары ұрсысып тұр деп ойлауы мүмкін. Өйткені олардың сөйлеу мәнері басқаларға дөрекі естіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!