Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы
Сабақ тақырыбы: Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.5 ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру
Жетістік критерийі:
• Арабтар тарихындағы негізгі оқиғаларды уақыт сызығында көрсету
• Өз таңдауын аргументпен бекітіп, мысал келтіреді
• Өзгерістерді экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік топтарға бөледі
• Қорытынды жасайды.
Сабақ мақсаты: Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалардың арабтар өміріне әкелген өзгерістер мен әсерлерін анықтайды.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Неліктен VIII-XII ғғ. ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы
Сабақ тақырыбы: Неліктен VIII-XII ғғ. ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау
Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Шығыс ғалымдарының жетістіктерінің маңыздылығын түсіндіріңіз......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Асқақта тұғырлы тұлға-ұстаз!

Асқақта тұғырлы Тұлға

«Талабы мен еңбегі екі жақтап,

Ортамызда Ұстаз тұр нық асқақтап»

Жер бетінде жаңалық,жетістіктер білімге байланысты. Кез-келген мемлекеттің өркендеп,өсуі де білім нәтижесі. Өзінің бойындағы білім-тәлім нәрімен алдындағы жас өрендерді сусындатушы,ұлылардың ұлықты да адами қасиеттерін болашақ ұрпақ бойына сіңіруші зиялы тұлғалардың бірі де, бірегейі — Мұғалім. Шәкірттерін алдағы өмір жолының қилы-қиын кезеңдеріне дайындаушы, әсерлі әдістерімен олардың шеберлігін шыңдаушы да мұғалім.

Болмаса егер мұғалім,

Білмес те еді көпшілік

Бүкіл әлем,жер жүзін

Ұшпас та еді ғарышқа

Тоқтар менен Гагарин.

Сондықтан болар, қай елде болмасын ең көп маман, басты тұлға мұғалім. Десемде, әр адам мен әр маман секілді,әр мұғалімнің де өзіндік ерекшелігі бар.Білім-біліктілігі мен әдіскерлік әсері,еңбекқорлығы мен ұйымдастыру қабілеті,адамсүйгіштік те ұлтжандылық , ғибраты,қоғамдық істегі белсенділігі секілді қасиеттері алуан қилы......
Шығармалар
Толық

Қайсар қаламгер, мұқалмас талант

Қазақ мәдениетінің сонау көне заманнан бері жасап келе жатқан халықтық туындылары аз емес . Сан – салалы өлең – жыр , асыл сөз үлгілері – әдебиет саласындағы халық мұрасының куәсі. Дәуірлік мәні бар поэзия туындылары, әдеби шығармалар – халқымыздың рухани байлығы.Осынау асыл туындыларымен танымал болған ақын – жазушыларымыз қаншама ? Міне , солардың бірі – Хамза Есенжанов. Бұл есімді ойға алған кезде, талай адамның тағдырын талқандаған келеңсіз оқиғалар ойға оралады. Ол табиғаттың берген ақыл – ойымен талантының арқасында ажалға қарсы тұрып, өмірге деген құштарлығын жоғалтпай , адамдар мінезіндегі аярлыққа кешіріммен қарап , қуғын – сүргіннен құтылған уақытта ғана қаламын қолға алып, аз уақытта қазақ әдебиетіне көптеген өзінің үлесін қоса бастады. Жерлес жазушымыз Хамза Есенжанов өз шығармаларында Ақ Жайық атырабында болған алуан оқиғаларды сипаттады. Жазушы Хамза Есенжанов сол кезеңдегі жағдайларды шеберлікпен анықтап көрсете алды. Х.Есенжанов негізінен қазақ прозасында сирек кездесетін образдар жинағын жасады. Оның кейіпкерлерлерінің көбі қайсар мінезді , қиын тағдырмен күресе алатындай, алғыр болатын. Х .Есенжановтың кейіпкер жасаудағы тәжіребиесі, оның « типтік жағдай », « типтік орта », « типтік мінез» деген ұғымдарға мейлінше салмақ салғанын аңғартады. Негізінен менің ойымша, қазақтың тарихында Хамза Есенжановтың « Ақ жайық» эпопеясындай басқа шығарма болған емес. Хамзаның өз туған жері туралы көлемді шығарма жазуы – бұл өзінің патриоттық сезімі мен ұлттық намысының жоғары деңгейде қалыптасуының көрсеткіші болса керек Жазушы Хамза Есенжанов осы туындысы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. « Ақ Жайық » эпопеясының өмірге келуіне себепші болған бірден – бір адам София Жақияқызы Тастемірова болатын.

Хамза Ықсанұлы туралы әңгіме еткенде, оның өмірлік серігі София Жақияқызына тоқталмай өтуге болмайды . Ол айдаудағы жарының артынан еріп, қуғын - сүргіннің ауыр тауқыметін бірдей көрді . Хамза ағаны тікелей мағынасында ажал аузынан аман алып қалды . Хамза Есенжанов романдары - қазақ прозасында бұдан бұрын жасалған тұлғалы туындылардың ешқайсысын қайталамай, тарихи шындықтың панаромасына өз картинкаларын қосып , типтік образдар галериясына өз кейіпкерлерін қосқан кесек туындылар. Октябрь революциясы мен азамат соғысының дауылды жылдарының Батыс Қазақстанда өріс алған оқиғаларын әр қырынан суреттеп берген бұл туындыларда оның кейіпкерлері сол оқиғаларға қатысқан әлеуметтік топтардың сырын ашып, ролін анықтаған жинақты да нақты образдарға айналған . Олардың даралық қасиеттері өзді – өзіне тән айқын да айрықша ерекшеліктерімен көрінуі әрқайсысын айнытпай танытады ......
Шығармалар
Толық

Бір күнде-бір жақсылық жасайық

Адамды тұрар адам қып,
Ақжүрек пен адалдық.

«Адам болған соң біреуге зорлық-зомбылықтан,әділетсіз арам пиғылдан,зиянды да кесірлі іс-әрекеттерден тиылуға бейім,ұстамды болса ғой. . . » деп Шәкәрім ақын айтқандай, адам баласының әр күні тек жақсылық жасаудан тұрса. Онда бүгінгідей дамыған қоғамның әр азаматы бай да қуатты өмір сүріп, олардың болашақ пен ұрпағына деген сенімі де еш алаңсыздыққа құрылар еді. Адамның ең асыл қасиеті-жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Бір күнде –бір жақсылық қаншама қайырымды істерге жетелері сөзсіз! Бір күнде бір жақсылық жасалса, адамның адамға деген құрметі артып, жас буын көргенін жасап, қалыптасқан дағдыдан күнделікті жақсылық жасау деген тамаша әдет пайда болар еді. Адам әрбір атқан таңынан бастап,батар күнге дейін жақсылық жасаудан тайынбау керек. Адам жақсылық жасау үшін жанашыр, адал және ақылды жалпы айтқанда,бойында ізгі қасиеттер болу керек. Ақылды болса,адамға рухани жағынанда мол көмек берері сөзсіз.

Қайырымдылық жасасаң артынан екі есе қайырымы болады деген сөздің астарынында да тамаша мән бар. Жақсы адамдардың мол табысқа, әр күні бақытты болуы осы жақсылықтарының да қайырымы бар шығар бәлкім.....
Эсселер
Толық

Елбасы - елімнің тірегі

«Елбасы - елімнің тірегі»

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,
Өзіңізді әлемге айтып шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін арманына,
Елбасым, айналайын, атқан таңым.

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Көңіл - күй серпілісімен сырымды ақтарсам, оның еш айыбы жоқ деп ойлаймын. Менің көңілімді серпіп, жүрегімді тербеп отырған бүгінгі күннің жеңістеріне жеткізуші, елін Абылай бабамның ақ жолымен, Махамбет бабамның өр рухымен басқарып отырған еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Осындай дана Елбасымен мақтанудың өзі, Елбасына арнап шығарма жазудың өзі бір бақыт деп білемін. Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш күннің Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс. Өз халқына қолынан келген жақсылықтың бәрін жасап жатқан Елбасымызбен мақтанамын. Осындай іргелі мемлекетті басқару үшін асқан көрегендік, білім, адамгершілік керек. Осы қасиеттердің барлығы тал бойына тоғысқан Елбасымыз – халқымыздың ең таңдаулы адамы. Бір данышпаннан: «Дүниеде кім бақытты?» – деп сұрапты. Сонда данышпан: «Елін бақытқа кенелткен адам бақытты», – деген екен. Халықтың дамуына сара жол салған, қазақстандықтарды бақытқа кенелткен қадірлі Елбасы, Сізден асқан бақытты адам жоқ шығар мына дүниеде?.....
Шығармалар
Толық

Көз жасымен суарылған гүл

Қазақ халқы… Бұл атау қайдан шықты, қалайша бұл халық солтүстігінен оңтүстігіне қарай 1600, батысынан шығысына дейін 3000 шақырымға созылып жатқан дархан даланың иесіне айналды? Әрине, тарлан тарих беттерінде әлемге қонақжайлығымен танылған халықтың хандық болып құрылып, бір киіз үйдің бір шаңырағының астындағы ошақта бір алау болып тұтанып, түтін түтеткен уақыты 1465 жыл деп саналады. Бірақ, қалайша әр түрлі жерден нәр алған ағаштар бықсымай жанып, киелі шаңырақтан түтін болып шығып, кең далаға тіршілік тынысын сездірді?! Ол халықтың тайға таңба басқандай мәдениетінің берік, тілі, ділі, дінінің ортақ әрі рухани байлықтарының меңіреу жатқан кең сахара төсіне тезірек сіңісіп кетуінен болса керек.

Ел басына күн туса, толарсақтан саз кешкен батырлар, ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төске озған ақындар жүріп өткен сартап жолдарды жас ұрпаққа әйгілеп тұрған суреткер дала қаншама ұлы оқиғаларды ішіне бүгіп жатыр десеңші. Сондай оқиғалардың бірі салт – дәстүріміздің қаймағы саналатын Оңтүстік Қазақстандағы тұлпарлар туған, сұңқарлар қонған Түлкібастың төрінде де болған-ды.

Түн. Айлы түннен сүт еміп, тыныштықтың тамыры соғып тұрған даланы Ақсу мен Жабағылы жоталары құшағындағы бесігіне таңып алып, үнсіз тербетіп тұр. Мүлгіген дала тыныштығын бұзып, киіз үйдің шұрық тесігінен бұзық май шам жарығы сығалайды. Май шам орнынан қозғалмай тұрғанымен, екі түрлі жұмысты бірдей атқарып тұр екен. Оның бірі түнгі аспанның ерке жұлдыздарына қыр көрсетіп, жерден жарық шашып, қайсарлығын танытса, екіншісі үстінде жатқан тіршілік иесін мәңгілік ұйқы сапарына аттандырған төсекті құшып, жылап отырған, жасы 24-25 шамасындағы, маңдайын кекілімен бүркеген, аққұба өңді, айдай көрікті қызды жалғыз қалдырмайын деп, нұрлы жарығымен бидай өріспен өрілген шашынан сипап тұр. Қыздың көз жасының бұлақ болып төгілуіне не себеп болды екен, әлде басына түскен қиындықтарының көптігін бетіне сызық болып түскен әжімдері көрсетіп тұрған, жасы 50-53 шамасындағы ер адамның көз жанарының көмескіленіп бара жатқанына қайғыра ма? Білмедім... осы кезде қыз жанарының астында көз жасына суарылып жатқан оң қолына бір затты қысып алған. Дәнге ұқсайды. Иә, шынында да гүлдің дәні. Қыздың қолындағы қандай дән, төсегінде жатып, дүниауи тіршілікке тәуелсіз сапарға аттанған адамның бұл қызға қандай қатысы бар..? Оны білу үшін қыздың өткеніне оралайық........
Шығармалар
Толық

Қарты бар үйдің қазынасы бар

Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: "Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден немересіне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр болама деп қорқамын..." деген екен. Рас, қазақ ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған, ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Ал қазір біз сол ғасырлар бойғы ұлы құндылықтарымыздан ажырап барамыз. Бұл - бүгінгі қоғам дерті. Бесік жырын шетелдің у-шу, даңғаза әуеніне алмастырса, ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі атыс-шабыс ойындар, фильмдер, мен түрлі мультфильмдер алмастырды. Өкініштісі сол, сәбиін "әлдилеп" ән айтып еміренетін әжелер азайды, бесік жырын білмейтін аналар көбейді, ұлдарын атқа мінгізіп өсіретін аталарымыз жоқтың қасы. Атам қазақтың ұрпақ тәрбиесін жоғары қойғандығы соншалық, туған-туыс, бір рулы ел болып, бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, бұл жерде үйдегі көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ал бүгін сол ата-әжелеріміз бала тәрбиесіне қаншалықты деңгейде мән беруде?

Адамның асыл қасиеттері мен адами болмысы өз отбасында қалыптасады. Отбасында алған үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие арқылы ғана Отанға деген сүйіспеншілік сезімі орнығады. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі - әжелер екені даусыз. Әже алдын көріп, тәлімін алғандардан қазақтың сүт бетіндегі қаймағындай болып, тарихта есімі қалған ұлылар қатары көп-ақ. Зередей зерделі ұлағатты әжеден аңыз-әңгімелер естіп, жыр-дастандар тыңдап өскен бала Абай дана Абайға, қазақты танытқан ұлы ақынға, зор тұлғаға айналды......
Шығармалар
Толық

Қасиетті жерім - Қазақстан

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу,- Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел – дағы от ал менен.

М. Мақатаев

Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен – ақ сіңіруге ұмтылатындығынан туған жер жайлы мақал – мәтелдерден, аңыздар мен батырлық жырларынан көреміз. «Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп, ерекшелеп көрсетеді. Туған жерін сағынғанда патшалығын да тастап, елге тартқан Бейбарыс баба туралы аңыз да жүрекке жылы. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын Егеулі найза қолға алып, еңку – еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту - әрбірімізге парыз. «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес ? «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік – жігерімізді танытатын кез келді!» - деп Тұңғыш Президентіміз ауыл халқына да үндеу тастады. Бүгінде алтын бесік ауыл зор өзгерістердің бастауында тұрғандай. Өйткені келешек Қазақстанның нағыз ұлтжанды тұлғалары ауылдан туып шықпақ.Елбасымыз Нұрсұлтандай басшыларды, Шерхан, Әбіштей сөз зергерлерін, Бекзат пен Ермахандай дараларды тудырған алтын бесік – құтты қазынасы мол қазақи әлемнің біздің келешегіміз үшін берері әлі алда. «Таланттар ауылда туып, қалада өледі» деген сөз бар біздің қазақ халқында. Бұл біздің түп тамырымыз – ауылдың құрметіне сай айтылған сөз деп ойлаймын......
Шығармалар
Толық